17:13 Сөз-сөйлеу сырлары | |
АУДИТОРИЯ АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢУДІҢ НАҚТЫ 3 ЖОЛЫ Ораторлық өнерді игеру – сахнаға қорықпай шығу үшін емес, уайымнан аяқ-қолың дірілдеп, қорқып тұрсаң да, сахнаға шыға білу үшін қажет. Дейл Карнеги Ел алдына шығатын адамның уайымы ұлғайған сайын өзін жайсыз сезінеді. Алақан терлейді, маңдай терлейді. Халық қобалжып тұрғаныңызды бірден аңғаратын күйге түсесіз. Америка ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, АҚШ-тағы адамдардың бойындағы фобиялардан ең бірінші орында тұрғаны – көпшілік алдында сөйлеуден қорқу, ал екінші орында – өлімнен қорқу екен. Жауапты бір кездесу алдындағы қорқыныш пен қобалжу – бұл табиғи құбылыс, қалыпты жағдай. Сөз бастау расында да қиын. Ол өзі де әр айтыстың алдында қобалжып, уайымдайды. Дегенмен қорқыныш жеңе алуы арқылы еркін айтысып шығады. Әлемге қақпақ жауырын, тоқпақ жұдырықпен танылған Майк Тайсонды білмейтін адам кемде-кем шығар. Оны Темір Тайсон деп те атайды. Сол Тесір Тайсонның ютуб арнасындағы сұхбатында уайымға қатысты мына сөзіне мән берңізші. «Мен жаттығу залынан рингке көтерілгенімше үлкен уайыммен барамын. Кімде-кім уайымдамаймын десе, ол – жынды немесе өтірікші», - дейді. Бұл – алып күштің иесі, қарсы тұрған қарсыласын кескен талдай құлатып жүрген адамның сөзі. Өз ісінің маманы болса да, ол да уайымдайды. Демек, әлемде ел алдына шығуда уайымдап жүрген адамның алғашқысы да, соңғысы да сіз емессіз. Қорқынышты жеңудің 3 жолын атап көрсетер болсақ:
Уайым неден пайда болады? Адам бойында адреналин гормоны көбейіп кетіп, адам өзін қоярға жер таппағанда пайда болады. Осы кезде қандағы адреналинды жағып, уайымды сейілту үшін міндетті түрде отырып-тұрыңыз. Дене жаттығуларын жасаңыз, ары-бері қимылдаңыз. Мүмкіндік болса, баспалдақтан түсіп-шығыңыз. Денедегі адреналинды жағу керек, ол өзін қоярға жер таппай қаныңызда тулап жатыр. Бірақ дәл сахнаға шығардың алдында дене жаттығуларын жасап алып, ел алдында ентігіп тұрудан сақтаныңыз. Уақытты есептеңіз, қатты терлеп кетпеуді де қадағалаңыз. Бейонсе Ноулз деген шетелдік әншіні білетін шығарсыздар, білмесеңіз, естуіңіз бар шығар. Сол әнші: «Мен уайымдамағаным үшін уайымдаймын», - деген екен, яғни әнші сахнаға шығар алдында ішінде уайым пайда болмағаны үшін уайымдайды. Уайым сіздің жауапкершілікті сезініп тұрғаныңызды білдіреді. Сондықтан уайымнан қорықпаңыз. Әлемдегі ең атақты, ең беделді адамдардың өзі халық алдына шығар кезде бұл күйді бастан кешеді. Дене жаттығуынан кейін енді қорқынышты сейілтудің психологиялық әдісіне тоқталайық. Қорқынышты сейілтудің психологиялық жолы – өміріңіздің осы күніне дейін қатты қорыққан сәттеріңізді есіңізге түсіру. Мәселен, ол Джидда қаласынан алматыға ұшу кезінде турбулентті аймаққа келгенде ұшақ әуеде өте қатты шайқалды. Әдетте, ұшақ қызметкерлері қандай жағдай болса да, жолаушылардың алдында сыр бермеуге және үрейге бой алдырмауға тырысады. «Уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, біз қазір әуе кеңістігінің кедергілерінен өтіп келе жатырмыз» деген сөздерді жұмсақ дауыспен жеткізеді. Олардың бортсеріктері малайзиялықтар болатын. Ұшақ әуеде өзін-өзі жеті мәрте тастап жібергенде, әуе кемесімен күнде ұшып жүрген олардың өздері де жылап жіберді. Дереу орындарына отырып, қауіпсіздік белдігін таға бастады. Ал олардың жылағаны оларға тіпті ауыр тиді. Бұл күнделікті болатын қалыпты жағдай еместігін бірден түсінді. Көзінің қияығымен терезеге қараса, ұшақтың қанаты желге қарсы майысып, сынып кетердей болып тұр. Ұшақтағы барлық жолаушы білген дұғаларын айқайлап айта бастады. Құдай сақтап, қауіпті аймақтан аман-есен өтті. Еңіреп жылағандар мен есінен танып қалғандар аз уақыттан соң ару қала Алматы әуежайына аман-есен қонды-ау. Жерге табандары тиген соң біраз уақыт ұшаққа міне алмай жүрді. 2-3 күндік жол болса да, шаршаса да, уақыты кетсе де пойызға мінуді жөн санады. Ұшаққа мінуге қорқатын. Енді сол кездегі қорқынышымен ел алдына шығып өнер көрсетудегі уайымды салыстырып көріңізші. Құлап бара жатқан ұшақ ішінде отыру қорқынышты ма әлде екі ауыз сөзіңді сахнада айту қорқынышты ма? аспанда жарылып кетпеген жүрегі жердегі он бес минуттық сынаққа төтеп береді ғой деген ой оны еш алаңсыз әрі сеніммен көпшілік алдына шығуына септігін тигізеді. Сол сияқты сіз де өміріңіздегі ең қорқынышты сәт пен сөйлеу алдындағы қорқынышты салыстырыңыз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |