12:51 Сөз-сөйлеу сырлары | |
ОРАТОРДЫҢ КИІМІ Адамның сөзі сенімді шығу үшін оған әсер ететін 3 физикалық фактор бар:
Бүрісіп тұрған адам ешқашан аудиторияны сендіре алатындай сөйлей алмайды. Бел омыртқаның тік болуы «менің алдымда отырған адамдар да өзім сияқты қарапайым адамдар, алаңдайтын ештеңе жоқ» деген ақпаратты миға жібереді. Ал мидың дұрыс жұмыс істеуі ауыздан шығатын сөздің жүйелі шығуына әсер етеді. Біздің нәзік жанды әйелдер, әпке-қарындастарымыз, көпшілік алдына шығып сөйлегенде мүмкіндігінше тізеден төменірек киім таңдасаңыздар екен. Ол мұны ер азамат ретінде айтып тұр, залда отырып, сахнада тұрған тізеден жоғары киім киген әйелді тыңдау мүмкін емес. Ал сіздің басты міндетіңіз – аузыңыздан шыққан сөзіңізді, ойыңызды орнықты етіп жеткізу болғандықтан, жұрттың назарын басқа жаққа аудармаңыз. Олпы-солпы тағылған аксессуар, қызыл ала шұлық, айта берсек көп енді, осының бәрінен аулақ болыңыз. Тіпті Стив Джобс үлкен сахнаға шыққан кезде «ЕХІТ» деген қызыл немесе жасыл түспен жарқырап тұратын үлкен жазудың жарығын сөндіруді немесе ол жазулардың бетін қара матамен жабуды көмекшілеріне бұйыратын болған. Себебі мен сөйлеген уақытта аудиторияның назары толықтай менде болу керек және мен шығарған өнімде болу керек деген ұстанымды болған. Қорыта келе, сахнаға шыққанда елдің назарын бөлетін дүниелерден – ты көз тартарлық киімнен, татуировка, аксессуарлардан аулақ болыңыз. Кейбір адамдардың ойынша, сөйлейтін жерге жаңа киіммен барсам, барынша жарқырап көрінемін деген ой болады. Бірақ жаңа киімнің барлығы бұрын-соңды киілмеген соң, үнемі ыңғайлы бола бермейді. Көйлектің жағасы ыңғайсыз болып, жаңа туфли аяқты қысуы мүмкін. Сондықтан осы мәселені де алдын-ала қарастырыңыз. «Қоштасқым келмейді», «Жамбылдың жастық шағы» секілді бірнеше фильм түсірген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Қанымбек Қасымбеков мектеп бітірген жылы Мәскеуге жиналды. Әкесі қолына құрт-майын, айранын ұстатып, пойызға отырғызады. Бір ауыз орысша білмейді, алайда арман жетелеп одақтың астанасына келеді. Бүкілодақтық кинематография мемлекеттік институтына құжат өткізіп, емтихан тапсырады, бірақ өтпей қалады. Енді қайтуға қамданып тұрғанда бір мұсылман жігіті ақыл қосып: «Сен ректорға кір, жағдайыңды айт», - дейді. Сонымен ректордың қабылдау бөлмесінде отыр. Өзі не деп айтарын да білмейді. Оған орысшасы да жетпейді. Күн кеш болды, жұмыс уақыты бітіп барады. Бір кезде ректор кабинетінен шығады да: - Сен кімді күтіп отырсың? – дейді. - Сізді. - Не үшін? - Емтиханнан құлап қалып... Ол өткір көзімен бастан аяққа, аяқтан басқа дейін зер салады да: - Каинетке кір, - дейді. Сөйтіп көмекшісіне, проректорға телефон соғады: - Қазақстаннан келген мына баланы оқуға қабылдау керек! Қанымбек осылай ешбір емтихансыз оқуға қабылданып кетті. Ол алты ай өткенде орысшаны меңгеріп, бес жыл оқып институтты да сәтті бітіреді. Диплом алар сәтте ол ректорға кіреді. - Сіз ұмытпаған шығарсыз, мені емтихансыз оқуға қабылдап едіңіз. Мұндай шешімді не үшін жасадыңыз? - Маған сен туралы ешкім ештеңе айтқан жоқ. Үсті-басыңды көзбен сүзіп тұрып, аяғыңдағы соғыс жылдарындағы ескі етіктің тап-таза жылтыраған кейпіне қарап: «Аяғын сыйлаған адам, басын да сыйлайды», - деп ойладым, сол үмітім мені алдамады. Құндылықтың қадірін білетін, жоқтан бар жасай алатын азамат екеніңе бәтеңкең арқылы көз жеткіздім, - деген екен. Міне, бір адамның тағдырын бәтеңкесі шешіп тұр. Әрбір сөзіңіз бен іс-қимылыңыз секілді киіміңіз де тағдырыңызға әсер ететінін ұмытпаңыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |