10:40 Сөз-сөйлеу сырлары | |
СӨЙЛЕУГЕ ДЕЙІН... Шешендік өнерді теңгеруге әрбір адамның мүмкіндігі бар. Ол адамның жасына, жынысына, діні мен байлық мөлшеріне немесе қабілетіне байланысты емес. Тек адамның еңбек етуге құлшынысына байланысты. Иә, туа бітті қабілетті жандар бар, оларға кейбір маңызды тұстарын игерсе жеткілікті. Жалпы аса қиын емес, еңбек ету арқылы қол жеткізуге болатын өнер түрі. Осы орайда көпшілігіміз өнерді үйрену барысында жіберетін қателікке тоқталып өтейік. Адамдар кез келген өнерді игеру үшін курс, тренингтерге қатысқанда ең бірінші әдіс-тәсілдерін (техникаларды) үйренуге ден қояды. Асылында, техникаларын меңгермес бұрын ішкі философиясын, мән-мағынасын түсініп, көңілге түйіп алған маңыздырақ. Мысалы, салауатты өмір салтын ұстанудың сіздің өміріңізде маңыздылығын түсініп алмай, спорттың түр-түрін үйреніп алсаңыз да, күнделікті спортпен айналысуға жалғаулығыныңыз жар бермесі анық. Немесе дұрыс тамақтанамын деп, тағамның түр-түрін пісіре білсеңіз де, маңызын түсінбесеңіз, фастфуд жеп жүре беруіңіз мүмкін. Дәл сол сияқты, шешендік өнер сізге «Не үшін керек? Пайдасы қандай? Өміріңізде алатын маңызы не?» анықтап алыңыз. Әдемі сөз сөйлеу – сізге жатанды мәтін оқу емес, өміріңіздің бір бөлшегіндей болатын себеп табыңыз. Сонда сөз-сөйлеумен байланысты өнерді үйрену оңай болары сөзсіз. Айталық, бір ғана кітапты оқып шығып, керемет сөзшең шешен болып кетесіз демейміз-ау. Бірақ бір ғана кітапты оқу да өміріңізге де, кәсібіңізге де сәл де болса пайда береріне сенімдіміз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |