11:04 Сөз-сөйлеу сырлары | |
ЦИЦЕРОН «Ақындық – туа бітті қасиет, шешендік – тәжірибе арқылы келетін өнер» деген сөздің авторы Цицеронның өзі қалай сөйлейтін еді? Оның өмір тарихына зер салсаңыз, ел алдына сөз сөйлеуге ешқашан дайындықсыз шықпаған. Дайындықсыз екі ауыз сөздің басын құрап айта алмайтын еді. Сондықтан оның әр сөзі үлкен жауапкершіліктен және еңбектен тұрған. Тарихта оратор Цицерон, философ Цицерон деген атаққа оның тынымсыз еңбегі жеткізді. Сіздің де кейбір кемшіліктерінің сахнаға шығып, сөз сөйлеуіңізге кедергі болмасын.
МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР Ол – Ұлыбританияның әйел затынан тағайындалған ең алғашқы Премьер-министрі болған. Туғанынан тыңдауға жағымсыз дауыс иесі болып, ел алдына шыққанда назарын қайда аударарын білмейтін өзіне сенімсіз адам еді. Өзіне сенімсіз адамға халық қайдан илансын?! Саяси сахнада бірнеше сайлауда халықпен тілдесе алмай жеңіліс тапқанын оның өмір тарихынан оқып білуге болады. Химик ретінде алған білімі ораторлық өнерде көмектеспейтінін білген ол, «Дауыс имиджі» атты ораторлық курсқа қатысып, саяси тұлға ретінде қалыптасқан еді. «Ж-о-о-о-қ, менің қолымнан келмейді, көпшілік алдына шыға алмаймын» десеңіз, Стивен Хокинг деген ағылшын ғалымы туралы айтайық. Стивен Хокинг өте сирек кездесетін амиотрофты склероз ауруымен ауырып, өмірінің соңғы жылдарында кқоларбаға таңылып, сөзден қалады. Дерті Стивенге кедергі болған жоқ, дауыс синтезаторы арқылы сахнаға шығып жүрді. Ол дегеніміз – Стивеннің сөйлеу аппараты мүлдем қозғалмайды, аузы ашылмайды, оның орнына тамағына орнатылған жасанды аппарат сөйлейді. Айтқанын халық түсінді, өзі де толағай табысқа жетті. Сіздің жағдайыңыз Стивен Хокинг мырзадан ауыр ма? Осындай тұлғалардың өзі сөз өнерін игеріп алғанда, екі ауыз сөзбен ел тағдырын шешкен билер мен шешендердің ұрпағы атанған біздің бұл салада жетістікке жете алмаймыз деп күмәнмен қарауымыз қаншалықты орынды?! Ендеше, сөз өнері арқылы қалай табысты боламыз? Сөйлеуге дейін қандай мәселелерді назарға алу керек? Дайындық қалай жасалады? баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |