22:40 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Денсаулыққа көңіл бөлу Денсаулықтың үлкен нығмет екенін ұқтырып келесі бір хадисінде: «Адамдардың көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт», - дейді. Тағы бір хадисте денсаулық – адамның өмірде бақытқа кенелуінің басты себептерінің бірі екендігі айтылады: «Адам жан дүниесі тыныш, дені сау, бір күндік азығы болған күйі таң атырса, дүние бүтіндей алдына ұсынылғанмен тең». Сонымен қатар Алла елшісі (с.а.с.): «Деніме саулық бере гөр?!» деп, әрдайым Жаратушыға жалбарынатын.
Денсаулық мықты болу үшін адам бірінші кезекте ішкен асы мен ұйқысына мән беруі тиіс. Мөлшерден тыс тамақ пен ұйқы денсаулыққа кері әсер береді. Ас ішу мөлшерінің ең тиімді жолы: асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға толтырып, қалған үштен бірін ауаға, яғни бос қалдыру. Бұл – хадистен алынған тағылым және қазіргі таңда медициналық тұрғыдан дәлелденіп отыр. Ұйқыны адам ыңғайына қарай 6-8 сағат мөлшерінде ретеп отырғаны жөн. Денсаулықты жақсартудың тағы бір жолы – сүйікті спорт түрімен шұғылдану. Ғалымдардың айтуынша, адамдағы характердің қалыптасуына тәрбиенің қандай маңызы болса, спорттың да әсері үлкен. Спортпен шұғылдану тек тәнге ғана емес, психологиялық тұрақтылыққа да оң әсерін тигізеді. Өйткені спортпен шұғылдану барысында қимыл-қозғалыс, күш түсу, терлеу арқылы адам бойынан зиянды заттар шығады. Спортпен шұғылдану сондай-ақ адамға жаман ойдан арылуға да көмектеседі. Ендеше, сіз де бүгіннен бастап өзіңізге ұнайтын белгілі бір спорт түрімен шұғылдануды қолға алыңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
