09:27 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Шеберлікті шыңдап отыру Шеберлікті шыңдап отыру адамдағы даму процесінің тоқтап қалмай, одан әрі жалғасын табуын қамтамасыз етеді. Бұған немқұрайлы қараған адам белгілі бір уақыттан кейін, жеткен биігінен төмендей бастайды. Мәселен, бір адам шет тілін үйренді делік. Енді оның міндеті өзін одан әрі жетілдіріп, шеберлігін шыңдай түсу. Егер мұны ескермей, дамуды доғаратын болса, бірте-бірте үйренген шет тілін ұмыта бастайды. Туа сол секілді белгілі бір спорт түріне қатысып жүрген адам, одан әрі дамуын тоқтатса, формадан шығып кетеді. Сол себепті бір белесті бағындырған соң тоқтап қалмай, шеберлікті одан әрі шыңдап, алға жылжи беру өте маңызды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
