09:08 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Табанды болу және сабырлық таныту Табандылық – адамға бастаған істі аяғына дейін жеткізуде тұрақты болуға көмектеседі. Әр адамның өмірлік принциптері мен діни ұстанымдары, ұлттық құндылықтары бар. табандылық осы принциптер мен ұстанымдардан танбай, тұрақты әрі берік болуға кепілдік береді. Кейбір адам бастаған істі аяғына дейін жеткізе алмай, орта жолдан тастап кететіндігін айтып шағымданып жатады. Мұның басты себептерінің бірі осы – табандылықтың жоқтығы. Табандылық пен сабыр егіз ұғымдар. Алайда сабырдың ұғымы табандылыққа қарағанда ауқымды келеді. табандылық – қолға алған істе тұрақтылық таныту болса, сабыр – сол жолда кезігетін қиындық пен кедергілерді еңсеру. Адамның қолға алған әрбір ісі тек сабырмен аяқталады. Алла елшісі өмірдегі жеңістің жүлдесі тек төзімді адамның еншісінде екендігін білдіріп: «Біліп қойыңдар! Жеңіс сабырмен болады!» деген. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
