10:14 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы 6. Эмоциялық даму қыры және эмоциялық жетілу Асылында, руханият пен эмоциялық толқу һәм қозу адамға алапат күш береді. Мұны ақыл-оймен дұрыс игеріп отырмаса, адам көзсіз батырға айналады. Мәселен, ниет – үлкен рухани күш. Адамды көптеген ізгі істерге немесе зиянды әрекеттерге жұмылдыра алады. Мұны жүзеге асыру барысында ақыл іске қосылмаса, ниет құр сезімнің жетегінде кетеді. Мұның нәтижесі орны толмас қателікке һәм өкінішке апаруы мүмкін. Түсініктірек болу үшін тәмсіл бере кетейік.мәселен, бір адам тойға барады. Екі жасқа арнап тілек айтатын кезде сол мүмкіндікті пайдаланып, халыққ уағыз айтуды ниеттенеді. Іштей «Халық дүниеге беріліп, өлімді, ақыретті ұмытып кетті. Соны бір естеріне салайын. Оларға ғибрат, маған сауап болсын» дейді. Сөйтеді де, тілектің арасына өлім жайында уағызын қосып жібереді. Қарап отырсаңыз, ниеті жақсы. Сезім деген ұрып тұр. Эмоция басым. Бірақ оның бұл жерде ақылмен түсіне алмаған бір мәселе бар. ол – барған жерінің той екендігі. Ол жер өлім жайында уағыз айтатын жаназа емес. Той болған соң адамдар сергіп, көңіл көтеруге келеді. сондықтан ол жерде өлім жайында уағыз айту қаншалықты орынды? Бұл жерде ниет дұрыс. Бірақ амал дұрыс емес. Ниетін – сезімі қоштап, эмоциясы қолдап, әлгі адам діттегенін орындады. Бірақ тойға келген адамдардың көңілінде дінге және өзіне деген қандай сезім қалдырды? Мәселе осында. Мұны дұрыс ниеттен туындаған қателік деп айтсақ та орынды. Асылында, адам өзін бір жақты ғана емес, жан-жақты дамытуға міндетті. Бір жақтылық қашан да қателік пен адамдар арасындағы келіспеушілікке жол ашады. Бір мәселеге бір жақты қараған адам мен жан-жақты қырынан қарай білетін адамның арасында жер мен көктей айырмашылық бар. мәселен, адам өзін рухани, интеллектуалды, эмоциялық және материалды тұрғыдан дамытып, физикалық қырына, яғни, денсаулығына көңіл бөлмесе және соның нәтижесінде белгілі бір ауруға шалдығып немесе сал болып қалса, қалаған мәселелерде өзін дамыту күші күрт төмендейді. Сол секілді, адам жан-жақты дамып, алайда материалдық жағын назардан тыс қалдырса, көптеген мүмкіндіктерден өзін мақұрым етеді. Мәселен, рухани, интеллектуалды, эмоциялық және физикалық тұрғыдан бай адамның; егер қаражаты жоқ болса, ойлаған ойлары мен идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі шектеледі. Қаражат жағы тапшы болғаны себепті, өзінде үлкен потенциал бола тұра, өзгенің ойы мен идеясын жүзеге асыруға, соның айтқанымен жүруге немесе азғантай қаражат үшін біреуге жұмыс жасауға мәжбүр қалады. Сондай-ақ, интеллектуалды, эмоциялық, физикалық және материалды тұрғыдан дамып, имандылық пен руханиятты назардан қалдырса, ондай адам ақылын жамандыққа қолдануы мүмкін. Осыны ескеріп қазақ халқы: «Рухсыз адам батыр болуға лайық емес» дейді. Даргинц ақыны Омарла Батырай өзінің өлер алдында айтқан соңғы өсиетінде: «Ержүрек халықтан рухсыз ұл тумаса екен!» деп дұға тілеген. Өйткені руханият жоқ жерде батырлықтың пайдасынан гөрі зияны басым. Дәл сол секілді, адам рухани, эмоциялық, физикалық және материалды тұрғыдан дамып, өзінің интеллектісіне көңіл бөлмесе, әлемдегі және қоғамда болып жатқан құбылыстарға дұрыс анализ жасап, түзу көзқарас таныта алмайды. Ондай адамның анализ жасау қабілеті төмен болады. Нәтижесінде, көптеген қателіктерге бой алдырады. Интеллектуалы төмен адам көп нәрсенің парқына барып, дұрыс анализ жасай алмағандықтан, буквализм дертіне де шалдығады. Бұл да – бүгінгі таңда діндегі шектен шығушылық пен өмірдің және өнер мен ғылым салаларында көрініс тауып отыр. Өйткені адамдағы интеллект, өмірдің әр кезеңінде, кез келген діни жүйеде және ғылымның әр саласында жұмыс жасауы тиіс болған қабілет. Құранда жаратылысқа қарап, ақыл-ойды жүгірту принципіне қатысты: «Міне, Біз ақылға салып, ойланатын қауым үшін аяттарымызды осылай баяндаймыз» («Рум» сүресі, 28-аят), - делінсе, келесі бір аятта: «...ақылға салып ойлана білетін қауым үшін (Алланың құдіреті күшті жалғыз Жаратушы екенін көрсететін) сан алуан дәлелдер бар» («Бақара» сүресі, 164-аят), - делінген. Тақырып ұзақ кетпесін деп біз бұл жерде Құранның бір-екі аятын ғана мысал ретінде келтірдік. Әйтпесе, адамды ойлануға, пікір өрбітуге, ақыл-ойды дамытуға және ғибрат алуға шақыратын аяттар өте көп. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
