09:09 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы 3. Физикалық даму қыры Дененің ауру-сырқаудан аман-сау болуына мән беру; Тамақ пен ұйқыны реттеу; денсаулық кепілі болатын спорт түрімен шұғылдану; дәрі-дәрмек түрінің сапалысын қолдану; денсаулыққа әрдайым маңыз беру; өз күшінен артық жүк тасымау.
4. Материалдық даму қыры Мұның сыртқы көрінісі – байлыққа жету. Ішкі көрінісі – жүректегі қанағат. Мәселен, бір адам кәсіп ашады. Кәсібі сәтті жүреді. Нәтижесінде қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді. Бұл – сыртқы тәуелсіздік. Енді бір адам кәсіп иесі емес. Жұмыстан ай сайын алатын айлығы бар. бұл адам сырттай қаржылық тәуелсіздікке жетпесе де, жүрегі қанағатқа қауышса, ішкі тәуелсіздікке қол жеткізеді. Осы арқылы ол адам өзін қаржылай тәуелсіз сезінеді. Материалдық даму қырына байланысты шариғат екі талап қояды: Біріншісі, дүниені адал жолмен табу; Екіншісі, дүниені адал жолға жұмсау. Бұған қатысты Алла елшісі: «Қияметте адам дүниеге қатысты; оны қалай тауып, қайда жұмсағандығы жөнінде сұралады» деген.
5. Әлеуметтік даму қыры Адамның әлеуметтік қарым-қатынасын жақсартумен жүзеге асады. Мәселен, ата-ананы, жарын, балаларын жақсы көру; мұқтаж жандарға қол ұшын беру; ақиқатты айтуда батыл болу; адамадрға зиян келтіретін (ғайбат, өсек, өтірік, алдап-арбау, ұрлық, зина, адам өлтіру, жетімнің малын жеу, бүлік шығару, кекшілдік, сатқындық, зұлымдық секілді) нәрселерден сақтану; өзгелермен жақсы қарым-қатынас орнату, өз ісін жақсы көру; жауапкершілік арқалай білу. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
