09:26 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 1. Алламен болған қарым-қатынас 3. Шәуқ (қатты қалау, сағыну, таң қалу) Құдай алдында әлсіздігін біліп, пақырлығын таныған адам өзінің Оған шексіз мұқтаж екендігін түсінеді. Өзіне берілген және толассыз келіп жатқан нығметтердің санында шек жоқтығына көзі жетеді. Алланың шексіз Құдіреті мен Мейірі алдында қайран қалаы. Таңданысын жасыра алмай тілі еріксіз «Субханалла», «Әлхамдулиллә», «Аллаһуәкбар» деп зікірге беріледі. Құранның: «Егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар» («Нахл» сүресі, 18-аят) деген аятын оқып немесе естіген сайын таңданысы арта береді. Ақыр аяғында ол, рия мен көзбояушылықтың құрсауынан құтылып, Алланың разылығынан басқаны көздемейтін дәрежеге ұласады. Жалғандықтың шырмауына құтылып, ақиқаттың ауылына сапар шегеді. Мейірім мен махаббаттың және әділдіктің символына айналады. Құдай сүйген іс атқаруды жан-тәнімен қалап тұрады. Құдай деген жандарға сағынышы мен құрметі артады. Өмір бойы раббысының шексіз Құдіреті мен Мейіріміне таң қалумен өтеді. Әрбір жаратылыстан Алланың хикметін көреді. Қияметте раббысының дидарын бір көрсем деп армандайды. Соны жан-тәнімен қалайды. Сол күнді сағына күтеді. Бар ғұмырын соған арнайды. Жан тыныштығы мен көңіл изалығына қол жеткізеді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
