09:52
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1. Алламен болған қарым-қатынас

2. Әл-Фақр (пақырлық)

Құдай алдында өзінің әлсіздігін ұғынған адам пақырлығын да түсінеді. Бүтін болмысымен, мүлік атаулы тек Оған тиесілі екендігін, өзіне берілген және толассыз келіп жатқан нығметтің шынайы Иесі де Алла екендігін ұғынады. Ондағы «Шүкір ету» функциясы дұрыс жолға қойылады. Көңілден шыққан шүкір – өз Иесін табады. Руханияттың толыққанды жұмыс жасауы жолға қойылады. Осы кезде барып адамның рухани өмірінде Құранның мына қағидасы іске қосылады.

Алла – Ғани (ешкімге һәм еш нәрсеге мұқтаж емес шексіз, түгесілмес байлық иесі), ал сендер пақырсыңдар (һәм Аллаға әркез мұқтажсыңдар)! («Мухаммад» сүресі, 38-аят).

Пенде осы қағиданы өмірінің темірқазығы ете білсе, пақыр бола тұра шексіз бай әрі барша мүлік Иесі Алланың панасында болғандықтан, өзінің де шексіз бай екендігіне көзі жетеді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: