22:33
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1. Алламен болған қарым-қатынас

Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар:

Тәубенің шарттары

Ислам ғалымдары тәубеге қатысты былай дейді: «Күнәнің үлкені мен кішісіне тәубе қылу – уәжіп (міндет). Егер күнә құл мен Алла арасында болса, тәубенің үш шарты бар:

Біріншісі – күнәні тастау;

Екіншісі – күнә жасағаны үшін қатты өкіну;

Үшіншісі – енді қайтып ол күнәға жоламау.

Егер күнә жасау арқылы біреудің ақысына кірсе, яғни басқа адам физикалық, моральды, экономикалық және т.б. тұрғыдан зиян шексе, айтылған үш шартқа тәубенің төртінші шарты қосылады.

Төртіншісі – зиян шеккен адамға ақысын қайтару. Мәселен, біреудің малын тартып, алдап, ұрлап алған болса, қайтару. Егер жала жапса, сөзін қайтып алу, ақтау және кешірім сұрау. Сыртынан ғайбат айтып, өсек тасыған болса, кешірім сұрау.

Алла тағала құл мен Өзінің арасында болған күнәні кешіреді. Алайда бір адамның ақысына кірілсе, зиян шеккен адам, зиян шектірген адамды кешірмейінше Алла да оны кешірмейді. Сол себепті мүмкіндігінше басқаға қай жағынан болсын зиян тигізбеу қажет. Ал зиян тигізіп қойған жағдайда, кешірімін алған жөн.

баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: