22:40 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 1. Алламен болған қарым-қатынас Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар: Тәубе Біз сыртқы әлемде өзіміз үшін құнды болған затты әрдайым кірден, шаң-тозаңнан, қоқыстан, түрлі ластықтардан тазартатын отырамыз. Бұзыла бастаса жөндейміз. Олар: киім, көлік, үй және т.б. нәрселер болуы мүмкін. Сол арқылы өзімізді бақытты сезініп, өзгелер алдында ұялмай жүруді қалаймыз. Алайда ішкі әлемдегі біз үшін құнды болған жүрегімізді күнәнің ластығынан тазартып, құдай алдында ұялмай жүруді ұмытып кетеміз. Ақиқат сол – күнәнің батпағына батып, рухани әлемі кірлеген сайын адам өзін іштей де, сырттай да бақытсыз сезіне бастайды. Санасы мазасызданады. Қиыншылыққа душар болып, өмірінде сәтсіздіктер мен қателіктер орын алады. Адам көп жағдайда өмірдегі сәтсіздіктерді, ішкі күйзеліс пен қиналысты көбінесе сыртқы себептерден іздейді. Проблеманың рухани астарына үңіле бермейді. Асылында проблеманың өзегі өзімізде. Осыны түсінген уақытта, проблема біз үшін – проблема болудан қалады. Құран бізге осыны ұқтырып: «(Естеріңде болсын!) Бастарыңа келген әрбір бәле-жала өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның кесірінен...» («Шура» сүресі, 30-аят), дейді. Асылында, адам өмірінің берекесі мен іс-әрекетіндегі жетістіктің негізі – рухани әлемнің тазалығы. Рухани әлем кірлеген сайын, адам денесі, яғни ағзаларының жұмысы бұзыла береді. Мәселен, руханияты лас адам жаман ойға берілгіш келеді. Іс-әрекеті зұлымдыққа, күнәға, жалғандыққа бейім тұрады. Ондай адам эмоцияларын да орнымен басқара алмайды. Ашушаң, қатігез, қызғаншақ, кекшіл, рияшыл, мақтаншақ, тәкаппар, басқаларды кінәлағыш келеді. Нәтижесінде, өмірінде психологиялық проблемалар, материалдық шектеулер, сәтсіздіктер мен қиындықтар пайда болады. Пайғамбарымыздың хадистегі: «Ол кесек ет (яғни жүрек) бұзылса, барлық дене бұзылады» деуінің астарындағы бір хикмет осында. Рухани әлем тазарған сайын санада тыныштық орнайды. Себебі күнәнің табиғаты сол – үнемі адамның ар-ұжданын мазалап тұрады. Сондықтан күнәһар адамның жан дүниесі тәубе етпейінше ешқашан тыныштық таппайды. Руханияты таза адамның іс-әрекеті де берекелі болады. Қиындық пен сәтсіздіктерді оңай еңсереді. Руханияты таза адам, эмоциясы мен сезімдерін дұрыс әрі орнымен басқара береді. Жаман ойдың жетегіне ермейді. Біреуді қызғанбайды. Ешкімге кек сақтамайды. Кешірімді келеді. Күнәні тастап руханиятты таза ұстау, ризық несібе мен басқа да нығметтердің артуына себеп. Құранда бұған қатысты: «(Алладан кешірім тілеңдер) төбелеріңе аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырсын». «Сендерге дүние мен бала-шағаны молынан берсін, Һәм сендер үшін бау-бақшалар өсірсін және өзендер ағызсын» («Нұх» сүресі, 11-аят), делінген. Жүректі ластайтын – күнә. Ал жүректі күнәдан тазартатын – тәубе. Сондықтан адам ниетін дұрыстап, ықыласын жөндеп, жасаған қателіктері мен күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе қылғаны жөн. Тәубе – жүректі күнәнің қара дақтарынан арылтып, жүректегі нәзік сезімдерді қайта оятады. Тәубе сондай-ақ өмірде адамның жолының ашылуына да себепші. Құранда: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер» («Нұх» сүресі, 31-аят), делінген. баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |