23:02 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР Ислам діні адамды тұлға етіп жетілдіруде оның физикалық және рухани қырына бірдей мән береді, сондай-ақ, араларында тепе-теңдік сақтай білетін әдіс-тәсілдерді ұсынады. Адамның материалдық қырын бұ дүниемен, ал рухани қырын ақыретпен байланыстырады. Осы тепе-теңдік сақталған жағдайда адамның екі дүние бақытына кенелетіндігіне кепілдік береді. Ол үшін практикалық тұрғыдан мына үш қарым-қатынас жүйесін қалыпқа келтіру методын ұсынады:
1. Алламен болған қарым-қатынас Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар: Иман мен зікір Алламен болған қарым-қатынас, ең әуелі, иман келтіруден бастау алады. Руханиятқа ең үлкен күш беретін де – Аллаға деген иман. Иман бірінші кезекте адамның рухани әлеміне, оның тұлғалығына үлкен өзгеріс әкеледі. Иман – рухани әлемге күш-қуат беретіндіктен, адам өмір қиындықтарына табанды келеді. Ортаға жұтылып, өзінің адами болмысын өмір сынақтары арасында жоғалтып алмайды. Ислам көзқарасында иман нұрымен сусындаған жүрекке – рухани тірі жүрек делінеді, ал иманнан нәсібін ала алмаған жүрек – рухани өлі жүрек деп аталады. Сондықтан адам рухани әлеміне жарық сәуле түсіру үшін ең алдымен Алламен болған қарым-қатынасын дұрыстауы қажет. Аллаға иман келтіру арқылы адам жүректің шынайы ақиқаты (фытраты) мен мақсатын табады. Осы себепті жүрегіне тыныштық орнайды. Одан кейін Алланы еске алып (зікір етіп), ұлықтауы, махаббат танытуы, именіп қорқуы, әмірлеріне бойсұнып, бұйрықтарын орындауы жүрегіндегі тыныштықты нығайта түседі. Құранда бұл принцип: «Міне, солар – иман келтірген әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!» («Рағд» сүресі, 28-аят) деп баян етілген. Егер жүрек өмірде иманғка қауышпаса және Раббысын таба алмаса, өзін де таба алмайды. Шынайы болмысы (фытраты) мен ақиқатын жоғалтып алады. Бұған қатысты Құранда: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар» («Хашыр» сүресі, 19-аят) делінген. Ақылды бола тұра өз ақиқатын таба алмаған жан өмірден мән таба алмай қиналады. Кеудеден жан шықпағандығы себепті ақылды хайуан есебінде өмір сүре береді. Өмірден мә таппағандықтан, ақылы әрдайым мазасыз күй кешеді. Рухани әлемі – мазасыздық, уайым, қобалжу, қорқыныш секілді т.б. негатив сезімдерге жеңіледі. Сондықтан мұндай тип адамдар стресске, депрессияға көп ұрынады. Нағыз эгоист, кекшіл, біреуді кінәлағыш, қызғаншақ, рухани әлсіз адамдар да осылардан шығады. Өйткені мұндай тип адам біреудің жетістігін көрген сайын өзін бейшара сезінеді. баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |