11:49
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Жанның тәнге қарағанда психологиялық ауруға шалдығуы әлдеқайда жиірек орын алады. Тән тұрғысынан қиындық пен ауруға ұзақ уақыт шалдықпай жүруге болады, бірақ ашу, уайым, қобалжу, жалығу секілді эмоциялық жағдайды сезінбей жүру мүмкін емес. Бұл – жан дүниенің сырға тұнған болмысымен, ішкі табиғатымен және құбылмалығымен байланысты ғажайып құбылыс.

Осы себепті адам эмоциялық тұрғыдан теріс әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардан жан дүниесін мүмкіндігінше қорғауға міндетті. Дене ауруға шалдыққан жағдайда, оның емделуіне материалдық табиғатына сай емнің түрі көмектесе алады. Мәселен, дәрі-дәрмек қабылдау, диета ұстау т.с.с.

Психологиялық ауруға шалдыққан жан да, өзінің мағнауи (материалдық емес) табиғатына сәйкес рухани терапияны қажет етеді. Денені ішкі жағынан, мәселен, диета ұстау, белгілі бір тағам немесе жеміс түрінен бас тарту арқылы емдеуге болғаны секілді, дәрі-дәрмек немесе арнайы препараттарды қолдану арқылы сыртқы жағынан емдеуге де мүмкіндік бар. Сол секілді жанды да ішкі және сыртқы жағынан емдеуге болады. Психологиялық ауруға шалдыққан адам өзін мазалаған ауруға (сол ауруға қарама-қарсы) іштегі ой арқылы өзін іштен емдей алады. Бұл нәрсе ондағы аурудың симптомдарын бұғаттап, олардың қозуын десенсибилизация (азайту, тұрақтандыру) жасайды. Ал психологиялық ауруды сырттай емдеудің жолы – жақын адамның насихатын тыңдау, терапевтикалық немесе консультациялық көмекке жүгіну.

Бұл жан дүниені тыныштандырып, оның анормальды (қалыпты жағдайдан ауытқуын) ретке келтіруге көмектеседі. Жан дүниені емдеу үшін адамның сырттан алатын насихат және консультация секілді көмегі, өзін терапевтикалық ой арқылы іштей емдеуге қарағанда пайдалырақ. Бұл мына екі себепке байланысты.

Бірінші – адам өзгелерден өзі тарапынан қабылдай алмайтын нәрсені қабылдайды. Өйткені оның ішкі ойы мен пайымдауы – қалауымен, құштарлығымен, әуестігімен тығыз байланысты.

Екінші – жан дүниесі ауру адам, соның салдарынан психологиялық тұрғыдан жаншылғандықтан, саналы түрде одан құтылудың жолын айқын көре алмайды. Сол себепті оған емделудің жолын көрсетіп беретін екінші бір адам қажет. Оның бұл жағдайы қатты ауруға шалдыққан дәрігерге ұқсайды. Ол дәрігер ауруынан емделу үшін өзге дәрігердің көмегіне жүгінеді.

Алайда жанның ауруын емдеуде, ішкі ресурстардың да маңыздылығына немқұрайлы қарауға болмайды. Бұған дейін айтылғандай, іштен емделу әдісіне – адамның психологиялық ауруға қарсы ішкі позитивті ойлауы жатады. Бұған қоса мұндай ішкі позитивті ойлар адам ауруға шалдыққан кезде ғана іске қосылмау керек. Сау кезде және психологиялық тұрақтылық барысында да пайда болып, эмоциялық тұрғыдан қиналған кезде қолданылу үшін, жадыда сақталып тұруы тиіс.

Іштегі осы позитивті ойлар – сырттан ешкім жәрдем бере алмаса немесе көмек көрсететін ешкім болмаған жағдайда қолданылатын көмектің алғашқы қайнар бастауы. 

баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 22 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: