17:10
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

ІХ ғасырда діни-когнитивті психологияның негізін қалаған мұсылман ғалымы Әбу Зәйд әл-Балхидің айтуынша, адамның жаны да тәні секілді ауырады және сауығады. Адам бойынан ашу, стресс, депрессия, абыржу т.с.с. психологиялық симптомдар байқалмаса, жан – тыныштық күйді сақтайды. Осы тыныштық – жан саулығының белгісі.

Жан саулығына мына екі тәсіл арқылы қол жеткізуге болады. Ол – сыртқы және ішкі қоздырғыштардан сақтану. Сыртқы қоздырғыштарға – жан дүниені мазасыз күйге салатын көзбен көріп, құлақпен еститін сыртқы факторлар. Бұлар кейде ашу, қобалжу, мұңаю, уайым және қорқыныш эмоцияларын тудырады. Ішкі қоздырғыштарға – жан дүниені негативті ойлардан сақтау жатады. Негативті ойлардың зияны көп.

Белгілі болғандай, ол да адамдағы уайым мен жүрек қобалжауына себеп. Бұл жағдайда адам өзін мына екі тәсіл арқылы емдей алады.

Бірінші – ішкі жан күйі тыныш әрі тұрақты кезде адам өзіне. «дүние – қалаулар мен қажетіліктер толық берілу үшін жаратылмаған, сол себепті өмірде уайым, қобалжу және басқа да симптомдар орын алып тұрады» деу арқылы мұны санасына қабылдатып, санасын бұған сендіру арқылы босатуы қажет.

Екінші – осындай ішкі диалогтан кейін, саналы түрде жете түсіну қажет болған нәрсе: «Бұл – (қалаулар мен қажеттіліктердің толық берілмеуі) жер бетіндегі тіршілікке тән ерекшеліктің бірі. Сол себепті өмір салтын құру мен әдеттер қалыптастыру барысында бұл нәрсе – өмір сынағы ретінде күтілетін тбиғи құбылыс. Сондықтан қолдан келмейтінге бола қам жеудің қажеті жоқ. Яғни адамның өмірде қалағаны мен қажеті толық орындала бермейді».

Байқасаңыз, Әбу Зәйд әл-Балхи бұл жерде төрт түрлі терапевтикалық әдіс қолданған.

Бірінші – эмоциялық тұрғыдан дертке шалдыққан адамға; өзіне бұл өмірдегі проблемалар – табиғи және күтілетін нәрсе екенін айту үшін, ішкі жан күйі алаңыз, тыныш кезді және ыңғайлы бір уақытты таңдауға кеңес береді.

Екінші – қарсы тежегіш секілді заманауи әдісті сол кездің өзінде (ІХ ғасырда) ұтымды қолдана білген. Бұл оның когнитивті психотерапевт және терапевт ретіндегі асқан шеберлігін көрсетеді. Қарсы тежеу орын алған кезде зиянды стимулдар қайтадан психологиялық босаңсу реакцияларына бірігіп, екеуара ортақ байланыс құрады. Нәтижесінде ауырған стимулдар уайым тудыра алатын күшінен айырылады. Бұл әдіс систематикалық десенсибилизациялау (азайту, тұрақтандыру) терапиясында да қолданылады.

Үшінші – рухани ауруға шалдыққан адамның көзқарасы мен ойын өзгерту үшін рационалды когнитивті терапия әдісін қолданған.

Төртінші – бұл өмірде уайым-қайғы мен қобалжу, күтілетін табиғи құбылыс және нағыз бақыт өлімнен кейінгі өмірде екендігін пациентке ескерту арқылы, оған психо-рухани діни-когнитивті тұрғыдан әсер етуде.

Асылында, жан саулығы мен жан тыныштығы әрдайым тұрақты болмайды. Бұл – адам табиғатына тән ерекшеліктің бірі. Ашуға, қорқынышқа, басқа да психологиялық қиындықтарға ұрынбастан, ішкі жан дүниені әрдайым тепе-теңдік пен тыныштықта сақтап тұру мүмкін емес. Мына өмір – қобалжу мен уайымның, қайғы-мұңның тұрағы. Сол себепті адам үшін жан дүниесіне тынышсыздық әкелетін мұндай нәрселерді күту қалыпты жағдайға жатады. Жалпылама айтқанда, адам тәндік қиындықтар мен ауралардан қашып құтыла алмайды. Қатты қиындық пен үлкен аурулардан құтылуға болса да, кішігірім тәндік қиындықтар мен ауралардан аман болу мүмкін емес. (жалғасы бар) 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: