23:53
Риясыз рух

ЖАН САУЛЫҒЫ

Жан ауырса, тән азады.

Халық даналығы

Психолог ғалымдар адамның жан саулығына қатысты жалпылама бірнеше түсіндірме берген. Алайда психология саласында бірнеше мектептің болуы себепті, олардың көзқарастарында өзіндік айырмашылықтар бар. Дегенмен барлық түсіндірмелерді қорытындылай келе, олардың бір арнаға келіп тоғысатындығын аңғаруға болады. Ол – адамның жеке қалғанда немесе қоғам ішінде өзін бақытты сезінуі. Мұның көрінісі ретінде – адамның өзімен және айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуын; эмоционалды және әлеуметтік кемелдікке қол жеткізуді; өмірдің қиындықтарына төтеп беруді; кез болған қиындықтарды жеңе білуді, өмір шындығын қабыл етіп, тағдырға разы болу және өзін бақытты сезінуді атап көрсетеді.

Жанның саулығына қатысты Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) мынадай түсіндірме береді: «Жан саулығын қамтамасыз ететін нәрсе – риза көңілмен өмір сүру; жетістіктерге қол жеткізу; үйлесімді әлеуметтік қарым-қатынаста болу; өмір шындығын қабыл етіп, ондағы қиындықтармен күресе білу және адамның өзімен, сондай-ақ, айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуы».

Психолог ғалымдар адам жанының саулығын білу мақсатында арнайы симптомдар бекіткен. Ол жерде жан саулығына қол жеткізу үшін адамдағы рухани жауапкершіліктің кемелдігі және әртүрлі сезімдер арасындағы үйлесімділік; күнделікті кездесетін психологиялық проблемалардан өзін биік ұстау, оптимистік ұстанымда болу; адамның өзін жеткілікті және бақытты сезіне білуі т.с.с. ерекшеліктер қажет екендігі айтылады.

Тағы бір түсіндірме: «Адамның рухани тыныштығы; жалғыз немесе адамдар арасында болсын, өзін бақытты сезінуі; өзіндегі қабілеттер мен қолда бар мүмкіндіктерді мейлінше пайдалануы, өзімен және айналасымен жақсы қарым-қатынас орната білуі; кемелдікке қол жеткізу және бейбітшілік пен сезім аясында өмір сүру процесінің әрдайым жалғасын табуы делінген.

Ғылым докторлары Мухаммад Әудаһ және Кемал Ибраһим Муса «Психология және Исламда рухани денсаулық» атты еңбектерінде, адамның рухани қырына баса назар аудара келе, аллаға деген иман мен құлшылық-ғибадаттарды адамның жан саулығына кепіл болатын басты фактор ретінде қарастырады. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: