00:33
Риясыз рух

АДАМНЫҢ ӨЗІНЕ ДЕГЕН МАХАББАТТЫҢ ӨЛШЕМІ

Адамдағы өзіне деген махаббат белгілі бір өлшем аясында қолданылып, шегінен аспауы тиіс. Әйтпесе адам эгоизм ауруына шалдығады. Нәтижесінде, өзінен басқаны көрмейтін, қара бастың қамын ғана күйттейтін менменшіл, тәкаппар адамға айналады. Барлық нығметті өзіне ғана тиесілі көреді.

Адамның өзіне деген махаббаты шектен шыққан сайын, менмендігі мен тәкаппарлығы да артады. Бұл дерттің мәселесін Құран, шайтанның Адамнан (а.с.) өзін артық санап, оған қатысты менсінбеушілік танытқандығы баяндалған мына аятта көрсетіп береді: «Сонда Алла (Ібіліске): «Саған («Адамға сәжде ет» деп) бұйырғанымда, сәжде етпеуіңе не нәрсе себеп болды?» - деді. Ібіліс: «Мен одан әлдеқайда артықпын. Өйткені Сен мені оттан жараттың, ал оны балшықтан жараттың», - деп тәкаппарланды» («Ағраф» сүресі, 12-13-аяттар).

Алла мен Пайғамбарға деген махаббаттан бөлек адамдағы өзіне деген махаббат – өзге адамдар мен барлық жаратылысқа деген махаббатпен үйлесім табуы тиіс. Адам өзі қалаған немесе өзіне берілген нығметке өзгелердің де бөленгенін саналы түрде қалап, бұған нәпсісін бағындыруы қажет. Сол кезде арадағы рухани тепе-теңдік сақталады. Әрине, бұл өте қиын процесс. Бірақ бұған қол жеткізген адам – кемелдікке де қол жеткізеді. Мұны Алла Елшісі мына хадисі арқылы өте тамаша түсіндірген:

«Ешбірің өзіңе қалағанды мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды».

Хадис адамдағы өзін және өзгені жақсы көру арасындағы тепе-теңдіктің сақталу үлгісін баяндап отыр. Әрбір мұсылман адам хадиске негізделе отырып, өз өмірінде осы тепе-теңдікті махаббатқа өлшем ете білуі тиіс. Сонда барып, оның имани кемелдігі мен жан тыныштығы, рухани жетілуі толыққанды жүзеге аспақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: