10:49
Риясыз рух

ҚЫЗҒАНЫШ

Өзгелердің қол жеткізген жеңісі мен өз жеңісін салыстыру барысында туындайтын қызғаныш сезімі адамды бір сәтке де бақытты ете алмайды.

Қызғануды бастан кешірмейтін адам өте аз. Ешкім бұл сезімнен ада емес. Өмірдің жайма-шуақ кезеңдерінде қызғанышты байқау өте қиын, бірақ адам қиындыққа тап болып немесе ауырған жағдайда, өзін қоғамға керексіз сезінген уақытта, үйсіз, ақшасыз, ас-сусыз, киімсіз қалған күні, сондай-ақ, өз болашағының бұлыңғыр екендігін аңғарған кезде, бойында дереу қызғаныш бой көрсетеді.

Қызғанышқа этика мен дініміз тыйым салғанымен, бұл проблеманы толығымен жойып тастайтындай біз әлі психологиялық кемелдікке жеткен жоқпыз.

Қызғанышты адам психикасына тән мотив ретінде қарастыру керек. Қызғаныш сезімі іс-әрекет бостандығын шектеген сайын индивидте немесе группада бірден пайда болатын сезім.

Қызғаныш өзінің шегінен асып, ең жеккөрінішті, асқынған деңгейіне жеткен кезде, қызғанышты және онымен қатар жүретін жеккөрінішті түбімен жою қиынға соғады.

Бізге қызғаныш сезімін қоздырудың қажеті жоқ және қызғаныш сезімінің көрініс табуына еш көңіл бөлмеу керек. Индивидтен ең аз дегенде мына әрекетті талап ете аламыз:

Оған айналасындағы адамдарға өз бойындағы қандай да бір артықшылығын әдейі көрсетпей тұра тұрғаны жөн. Өйткені аса бір маңызы болмаған кішкене бір артықшылықты көрсетудің өзімен-ақ, басқаның қызғанышын оятып, сол арқылы жәбірлеу оп-оңай.

Қызғаныштың туындауын анықтау өте оңай; кейде ол тіпті адамның сыртқы келбетінде де өзіндік із қалдырады. Қызғанышқа қатысты біздің кейбір тұспалдарымыз психологиялық негізге ие. Мысалы, біз «қызғаныштан өртеніп барады» немесе «қызғаныштан іші күйді» деген сөз тіркестерін қолданамыз. Бұл өз кезегінде қызғаныштың адамдағы қан айналым жүйесіне әсер ететінін көрсетеді. Қызғаныш физиологиялық тұрғыдан адамдағы қылтамыр жүйелерінің тарылуынан байқалады.

Қызғанышты педагогикалық тұрғыдан түсіндіретін болсақ, бұл жерде біз үшін қолданатын бір ғана жол бар. Біз қызғанышты түп тамырымен толықтай жойып жібере алмаймыз, сол себепті адамның рухани тепе-теңдігін бұзып алмайтындай етіп, қызғанышты пайдалы нәрсеге қолдануымыз қажет. Бұл жеке индивидке қатысты болған секілді көпшілікке де тән методика. Егер индивидті жеке алатын болсақ, оған өзін-өзі жоғары бағалауға мүмкіндік беретін амалды ұсынған дұрыс.

Біреуді өмір бойы қызғанған адам, қоғамның пайдалы мүшесі бола алмайды. Қызғанушы адамды бір ғана нәрсе қызықтырады, ол – өзгелерге берілген нығметті тартып алу, меншігінен айыру және жәбірлеу. Сонымен қатар мұндай адам көздеген мақсатына жете алмаудың себебін іздеумен болады және бұған басқаларды кінәлі деп біледі.

Мұндай адам өзгелермен жақсы қарым-қатынастың қадірін білмейтін, адамдарға пайдалы болуды қаламайтын – жеке батыр. Ол өз жақынына аяушылықпен қарауды қаперге алмайды, сол себепті оған адамның табиғатын түсіну қиынға соғады. Өзгеге ауыртпашылық немесе қиындық тудыру мұндай адамды бір сәтке де абыржытпайды. Қызғаныш тіпті мына нәрсеге әкеп соқтыруы мүмкін – адам өз жақынының қиналғанын көрген кезде рахаттанатын деңгейге жетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: