10:53
Риясыз рух

ҚЫЗҒАНЫШ

Хадистерде қызғаныштың «хасад» категориясына ишарат етіледі. Алла Елшісі (с.а.с.):

«Алланың нығметіне қарсы дұшпан болатын адамдар бар» дейді. Сонда қасындағылар: «Олар кімдер?» деп сұрайды. Ол (с.а.с.): «Алланың берген артықшылығын көре алмаушылар» деп жауап береді.

Бұған дейінгі аяттардан «хасад» категриясындағы қызғаныш түрі – қызғанушы мен қызғанылған адамның арасында дұшпандық отын тұтататынын аңғаруға болады. Қабылдың Абылды қызғануы оған деген дұшпандық сезімін оятты, ақыр соңы қызғаныштан туындаған дұшпандық себепті өз бауырын жазатайым етті.

Мұндай қызғаныш нәтижесі дұшпандыққа, жеккөрушілікке және зұлымдыққа түрткі болғандықтан, Алла тағала Құран арқылы құлдарына қызғанушының қызғанғандағы жаманшылығынан және зиянынан пана тілеуді талап етті.

«...сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай көр деп сиынамын)» («Бақара» сүресі, 109-аят).

Қызғаныштың екінші түрі – ғибта, ол қазақшада «қызығу, жаман ойсыз қызғану» дегенді білдіреді.

Бұл – басқаға берілген нығметтің одан кетуін қаламай – қызығу. Яғни, адам басқаға берілген нығметке қызққанда: «маған да дәл осындай нығмет берілсе ғой» деп армандайды және ол нығметтің әлгі адамнан кеткенін қаламайды.

Демек, мұсылман адам бауырындағы жетістікке менде де болса екен деп қызыға алады, бірақ қызғанбайды.

Алла елшісі (с.а.с.) қызғаныштың «ғибта» категориясына ишарат етіп былай дейді.

Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен (қызыға) қарауға болады: алланың берген байлығын түгесілгенше Хақ жолында жұмсаған атымтай жомартқа және Алланың бойына дарытқан даналығымен (адамдар арасында туындаған дауларды оңтайлы шешуде) билік айтып, әрі өзгелерге даналық тәлім үйреткен данышпанға».

Хадис адамды осындай екі үлкен нығмет берілген жандарға қызыға қарауға және солардай болуға жігерлендіреді.

Қызғаныш сезімі атаққұмарлық және өзін басқадан жоғары көрсетуге ұмтылумен бірге қашан да қатар жүреді.

Индивид пен оның қол жетімсіз мақсаты арасындағы алшақтық, адамдағы өзін толыққанды тұлға сезіне алмау комплексі арқылы көрініс табады. Бұл комплекстің адамды іштей кеміріп, оның өмірге деген көзқарасы мен мінез-құлқына әсер ететіні соншалық – оның бойында мақсатқа деген құлшыныстың барына күмәнмен қарауға итермелейді. Бұл жағдай оның өзіне төмен баға беріп, үнемі өз ісіне және өміріне қанағаттанбауы арқылы беки түседі. Мұндай адам өз уақытын өзгелердің жеңісіне баға берумен-ақ құртады. Сондай-ақ, ол адам өзгелердің өзі жайында не айтатыны жөнінде, кім қандай жетістікке жетті деген сынды ойлардың құрсауында болады. Әрдайым: «мені қоғамнан бөліп тастады», «менің тарапыма әділетсіздік жасалды» т.с.с. көптеген ойлар мазалайды. Бұл сезімдер мен ойлар адам бойында түрлі жағдайда көрініс табады. Белгісі – өзінің мендік стереотипін қанағаттандыра алмау. Басқаларға немесе көршісіне қарағанда бір нәрсеге көбірек ие болуды қалау, тіпті барлық нәрсеге ие болуды көксеу жатады.

Қызғаныш дертіне шалдыққан адамдар өздерінің барлық нәрсеге қол жеткізгісі келетінін ашық айтпайды. Себебі әлеуметтік жағдай мен жалпыға тән ортақ сезім құндылықтары олардың мұндай қадамға баруына жол бермейді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: