00:18
Риясыз рух

УАЙЫМ-ҚАЙҒЫ және СТРЕСС

Уайым мәселені шешпейді, тек мазаңызды алады.

Омар Хайям

Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің.

Халық даналығы

Уайымға берілу, қайғыру, мұңға бату – адам табиғатына тән эмоциялық құбылыс. Уайым-қайғы – қуаныш пен шаттықтың антонимі. Уайымға қатысты мынаны білген жөн, орынсыз уайым – адамды жарға жығады. Адамды іштен ірітіп, артық ештеңе ойлатпайды. Уайымның құрсауына түскен адам бойдағы энергияны босқа шығын қылады. Айналасына жақсы оймен немесе жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігінен айырылады. Рухани және тән саулығына зарар келтіреді.

Стресс – адамдағы психологиялық мазасыз күй. Ал физикалық тұрғыдан дененің қалыпты жағдайынан ауытқуы. Стресс – «dіstress» және «eustress» болып бөлінеді.

«Distress» - теріс стресс. Бұл адамдағы мазасыз күй. Бұл – сыртқы және ішкі әсер етуші стрестік факторларға және соның салдарынан туындаған стрестік жағдайға қарсы адамдағы адаптациялық кезеңнің толық жүзеге аспай қалуы. Мұндай жағдай адамда әлсіздік және таусылу сезімін оятады. Нәтижесінде, агрессия, салғырттық, жалғыздық секілді негативті көріністер орын алуы мүмкін.

«Eustress» - оң стресс. Бұл – стреске қарсы адамның саналы түрде тойтарыс беруі. Мұндай кезде стресс адам денсаулығына зиян тигізбейді. Мәселен, адамның физикалық жаттығуларға жүгінуі. Физикалық жаттығуды орындау барысында адамның қиналуы да стрестік жағдай. Алайда бұл пайдалы болғандықтан, «eustress оң стреске жатады. Психологиялық тұрғыдан «eustress» оң стресс – адамның саналы ойлау әдісіне жүгіну, өзіне деген сенімін арттыру, өмірге деген құштарлығын ояту, сондай-ақ, үміт отын өшірмеу секілді т.б. позитивті әдістер.

Стресс ұғымы термин ретінде алғаш ғылымға ХХ ғасырда ғана енді. Оны ғылымға енгізген Ганс Селье (1907-1982). Ол өмірінің бірнеше жылын стрестің биологиялық түрін зерттеуге арнаған.

Алайда бізсүннетке үңілсек, хадистерден Пайғамбарымыздың стрестің «eustress» оң және «distress» теріс түріне әу баста ишарат етіп кеткендігін көреміз. Мәселен хадистің бірінде: «Әс-сабру дияәәун – Сабыр шуақ шашақан жарық сәуле» деп келеді. Осы хадиске түсіндірме ғалымдар:

«Хадисте «сабыр – шуақ шашқан жарық сәуле» делінген. «Сабыр – нұр» деп айтылмаған. Мұның хикметі – мәселен, күннің шуақ шашқан жарық сәулесі бар және ол күйдіру сипатына ие. Дәл сол секілді сабырдың да күйдіру қасиеті бар. Сол себепті сабыр – шуақ шашқан жарық сәуледеп сипатталған. Ал айға Құранда нұр делінген. Себебі ай – күннің жарық сәулесін алып айналаға нұр шашады. Ал нұрдың күйдіру қасиеті жоқ. Құранда: «Сондай-ақ Ол жеті қат көкте айды (күнге шағылысқан) жарық нұр, күнді шуақ шашқан шырақ қылды» («Нұх» сүресі, 16-аят) деп баяндалған.

Қарапо тырсақ, аятта айға – нұр делінген. Себебі айдың өзінің де, күннен алған нұрдың да күйдіру қасиеті жоқ. Ал күн болса, әрі жарық, әрі сәуле шашады және күйдіру қасиетіне ие. Сондықтан хадисте «сабыр – шуақ шашқан жарық сәуле» деп келуі тегін емес. себебі сабырдың яғни белгілі бір қиындыққа сабыр етудің де – өзіндік қиындығы бар. Қиындыққа сабыр қылу да адамның жан дүниесін белгілі бір деңгейде күйдіреді һәм қинайды. Бірақ оның түбі адамға пайдалы. Бір сөзбен айтқанда, адамның қиындыққа сабыр етуі арқылы сабырдың қиындығын татуы – «eustress оң стресс. Мәселен, бір адам қатты қиындыққа ұшырады делік. Бұл оған ауыр келеді. Оны мазасыз күйге түсіріп, стрестік жағдайға душар етеді. Егер бұл жағдай ұзаққа созылса, адамды орны толмас зиянға душар етуі мүмкін. Бұл – «distress» теріс стресс. Ал осы қиындыққа сабыр ету де, адамға белгілі бір деңгейде қиындық әкеледі. Хадис тілімен айтсақ, оның жан дүниесін күйдіреді. Себебі сабыр ету де оңай шаруа емес. сабырдың да өзіндік ауырлығы, күйдіру һәм іштей қинау сипаты бар. Бұл да адамды стрестік жағдайға душар етеді. Бірақ адам қинала тұрып, сабыр етуді жалғастырса, нәтижесінде, сабыр оны басына түскен қиындықтан алып шығады. Бұл мінеки – «eustress» оң стресс. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 39 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: