23:58
Риясыз рух

ҚОБАЛЖУ

Қобалжу – қорқыныштан бөлек эмоцияның түріне жатады. Оның белгілі бір себебі жоқ және неден бастау алатынын да анықтау қиын. Мәселен, бір адам жыланнан қорықса, оның себебі анық. Яғни қорқуына себеп болған – жылан. Сонымен қатар бұл жерде оның қорқынышы неден бастау алып отырғаны да белгілі. Ал қобалжу кезінде қорқыныштың нышаны болғанымен, себебі белгісіз. Қобалжудың неден бастау алып тұрғанын кейде адамның өзі де түсіне алмай дал болады.

Қобалжуға қатысты мамандар тарапынан бірнеше көзқарас айтылған. Кейінгі зерттеулер адамдағы қобалжуды баланың анасымен болған әлеуметтік қарым-қатынасы арқылы түсіндіреді. Мәселен:

Бала кішкентай кезінде анасының қамқорына мұқтаж. Әр қадамында анасының мейіріміне, аялы алақанына сүйенеді. Сүйенеді. Ал анасының махаббаты мен мейірімінен, аялы алақанынан айыратын қандай да бір себеп, баланың бойында қобалжу сезімін тудырады. Осыны негізге алып, кейінгі зерттеулер адамдағы қобалжудың басты себебі – тыныштық пен қауіпсіздікті жоғалту деген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: