09:26 Риясыз рух | |
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВ 1. Өз тіршілігін сақтап қалу мотиві Өз тіршілігін сақтап қалу мотиві – адамды азық пен суға қол жеткізуге, оны қолдануға, сондай-ақ ыстық пен суықтан және басқа да өміріне қауіпті әрі зиянды нәрселерден қорғануға итермелейді. Әйтпесе адам мен жануардың тіршілік етуі тоқтайды. Соңғы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, ағзадағы кейбір дәрумендердің жетіспеуі, ағзаның адамнан құрамында дәл сондай дәрумендері бар тағам мен сусынды талап ететіндігін көрсетеді. Мұны дәлелдеу үшін ғалымдар ағзасындағы тұз мөлшері азайтылып, бүйрек үсті секрециялық бездері алынып тасталған тышқандарға тәжірибе жасаған. Сөйтіп олардың алдына бірі тұщы, бірі тұзды су құйылған ыдыстар қойылады. Бір қызығы тышқандар тұщы суға жоламайды. Ал тұзды судан бұрынғыға қарағанда 20 есе артық су ішеді. Осылайша ағзадағы тұз мөлшерінің аздығын қалпына келтірген. Бұл тәжірибені жүргізген ғалымдар бұған дейін тышқандарға мұндай әрекеттің байқалмағандығын, мұның тек бүйрек үсті секрециялық бездерінің алынып, ағзадағы тұз мөлшері азайтылғаннан кейін ғана пайда болғандығын айтады. Хадисте де бұл мәселеге ишарат етіледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) науқастанып жатқан бір кісіні зиярат етіп барады. Одан. «Не қалайсың?» деп сұрайды. Әлгі кісі: «Тәтті жегім келіп тұр (басқа бір риуаятта бидай наны деп келеді)», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған тәтті мен бидай нанын әкеліп беруді бұйырады, содан кейін айналасындағы адамдарға қарап: «Науқас адам не нәрсе жегісі келсе, сол нәрсені әкеліп жегізіңдер», - деген. Хадисте адам ағзасының ерекше қасиеті баян етілген. Ол – адам ағзасы қандай да бір дәруменді қажет етсе, құрамында сол дәрумені бар тағам мен сусынға аңсары ауады. Бұл ақиқат – Уолтер Каннонның ХХ ғасырдың басынша ғана ашқан жаңалығы. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Науқас адам не нәрсе жегісі келсе, сол нәрсені әкеліп жегізіңдер» деу арқылы, науқас адамның ағзасы қалаған тағам және сусын, ол үшін пайдалы болатындығына ишарат еткен. Денедегі тепе-теңдік бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіретін себепті ағза біледі және денедегі физиологиялық мотивтер арқылы оны ретке келтіру әрекетіне көшеді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |