23:22
Риясыз рух

НӘПСІНІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

Өзіндік өмір құралдары мен принциптерің болсын. Бірақ оларды нәпсіңнің ығына қарай қолданба!

Шәмен Тебризи

Нәпсіні емдеу үшін ғалымдар бір-бірін толықтырып және қуаттап отыратын бірнеше тәсіл ұсынған. Осы әдіс-тәсілдерді адам өз өмірінде практикаға асыра білсе, көптеген жетістіктерге жететіндігіне дау жоқ. Олай болса, ендігі кезекте осы әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталып өтейік.

 

1. Алламен рухани байланыс орнату (мурабата)

Алламен рухани байланыс орнату Ислам терминологиясында «мурабата» деп аталады. Ислам діні бойынша, адам өміріндегі мәннің ең негізгі өзегі – жүрекпен иман келтіріп, рухани тұрғыдан Алламен байланыс құру. Ол үшін адам бірінші кезекте өзінің ішкі рухани әлемін табуы қажет. Көп адам өзінің ішкі әлемін таба алмағандықтан және оған терең бойлай білмегендігі себепті, өмірде өзін де таба алмай қиналады.

Адам өміріндегі өзгерістің бәрі ең әуелі оның ішкі, рухани әлемінен басталады. Адам рухани әлемнен бастау алатын қалауы мен ойын жақсы жаққа бұрып, іштей өзгеретін болса, өмірінде де үлкен өзгерістер орын алады. Қазіргі психология саласында қалам тербеп жүрген ғалымдар да «өміріңді өзгертуді қаласаң, ең әуелі ойыңды өзгерт», - дейді. Ал ой мен ішкі қалаулар – адамның рухани әлемінің айнасы. Қай қалаудың соңына еріп, қай оға басымдық берсе, солай өмір сүреді. Құран адам өміріндегі өзгеріс оның рухани әлемінен басталатындығын баяндайды: «Қандай да бір қауым (адам) өз ішінде (рухани тұрғыдан) өзгермейінше, Алла ол қауымды (адамды) өзгертпейді» («Рағыд» сүресі, 11-аят).

Адамдағы рухани өзгеріс ең әуелі «мурабатадан», яғни Алламен рухани байланыс құрудан басталады. Сондықтан нәпсісін тәрбиелеп, өзгерісті қалаған адам, бірінші кезекте Алламен рухани байланысты ретке келтіруі тиіс. Бұл – жүректің мақсатын айқындау.

 

Алламен рухани байланыстың (мурабатаның) жемістері

- Мақсатын тапқан жүректің әрбір ісі де сол мақсатқа негізделеді. Бұл – әрбір істе тек Алланың разылығын көздеу;

- Мақсаты айқындалған жүректің өміріне мән кіреді;

- Мұндай жүрек – рухани дерттерден оңай арылады;

- Өзін әрдайым бақылап тұрған Жаратушының бар екенін түсінеді, бұл өз кезегінде оған жан тыныштығын сыйлайды;

- Дүниелік іліммен шектелмей, ақыреттік ілімді де үйренеді. Ертеңгі күннің бар екендігіне нық сеніммен қарайды,

- Нәпсі қалауларына ерсе құрдымға кетіп, ертеңгі күні азапқа душар болуы мүмкін екендігін, ал нәпсіні тізгіндеп тәрбиелей білсе, екі дүниеде де жетістікке жететіндігін ұғынады. Соған сай іс-әрекет жасайды.

- Мақсаты айқындалған жүректің өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымы өзгеше келеді. Адамдағы дүниетаным және өміре деген көзқарас – оның рухани ядросы негізінде қалыптасатын құбылыс. Рухани ядросы неден тұрса, танымы да сол болмақ. Мәселен, атеист адамның рухани әлемі оның өмірге деген көзқарасын атеистік бағытта түзеді. Материалист адам өмірге материалистік көзқараспен қарайды. Иманды адамның дүниетанымы иман аясында қалыптасып, нәтижесінде, әрбір жаратылысты Алланың туындысы деп біледі.

Алламен рухани байланыс орнатқан соң нәпсі тәрбиесіне қатысты әдіс-тәсілдерді міндетті түрде практика жүзіне асыру қажет. Осы кезде нәпсі тәрбиесіне қатысты талпыныстар, көп өтпей-ақ, өз жемісін бере бастайды.

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 73 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: