07:32 Риясыз рух | ||
АДАМНЫҢ ӨЗІН ШЕКТЕН ТЫС ЖАҚСЫ КӨРУІНЕН ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ 3. Менмендік, өзіне шектен тыс тамсану Адамның өзін шектен тыс жақсы көруінен туындайтын нәпсі дерті. Менмендіктің адам үшін ең қатерлі тұсы- оны дүниенің құлы қылады. Өзін шектен тыс жақсы көргендігі себепті, мұндай адам өзін басқалардан жоғары санайды. Осы себепті біреудің өзіне ақыл айтқанын көтере алмайды, ал жетістігін өлердей қызғанады. Менмендік адамды шектен тыс еркіндікке итермелейді. Мұндай тип адам өзін басқадан жоғары санағандықтан, әр ісін дұрысқа балайды. Нәпсі қалауларына толығымен ерік береді, қалағанын істейді және мұны дұрыс емес деп есептейді. Оның ойынша, бұл өмірде одан артық адам жоқ. Ал өзін айыптаған адамға дұшпан болады. Мүмкіндік туып жатса, түбіне жетуге тырысады. Мұндай адамға байлық немесе билік бітіп ажтса тіптен қиын. Менмендік ауруына байлық пен биліктің буы қосылатын болса, оны көр соқыр ететіндігі соншалық – тіпті өзін құдаймын деп айтудан да тайынбайды. Бұған Нәмрудтың, перғауынның оқиғалары дәлел. Менмендік дертіне шалдығып, нәпсі қалауларына толығымен ерік берген адам үшін бұ дүние нағыз комфорт алаңы. Ондайлар бұдан айырылғысы келмейді. Нәтижесінде, өлімнен өлердей қашады. Ақырет, қияметтегі есеп жайында айтқан адамды есі ауысқан жындыға, фанатикке балайды. Осы арқылы олар өздерін ақиқаттың ауылынан алыстатып жібереді.
Адамдағы өзіне шектен тыс тамсану дертін емдеу жолдары жайлы ибн Хазмның пікірі Ибн Хазмның көптеген насихаты бар. Ол адамдағы өзіне тамсану дертіне байланысты өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Оның айтуынша, бұл дерттен құтылу үшін ол ең әуелі өз кемшіліктерін анықтап, содан кейін кішіпейілдікті ұстанып, барлық іс-әрекетіне қарапайым нәрсе деп қараған. Бұдан ибн Хазмның өзіне тамсану дертін – оған қарама-қайшы боған іс-әрекетті қолдану арқылы емдегенін көреміз. Ибн Хазм қолданған бұл тәсіл – Әбу Хамид әл-Ғазалидің жаман мінез бен өзіне таңқалу дертін емдеудегі тәсіліне ұқсайды. Ибн Хазм аталмыш дерттен құтылу үшін бірнеше тәсілді ұсынады:
Ибн Хазмның насихаттарынан адмдағы өзіне таң қалу дерті емдеуде «қарама-қайшы» әдісті қолданғанын аңғарамыз. Ибн Хазмнан кейін бұл тәсілді Әбу Хамид әл-Ғазали де қолданды.
4. Атаққұмарлық Нәпсіге тән бұл аурудың ар жағында адамдар тарапынан шектен тыс мақтау есту және өзгелерге билік жүргізуді қалау дерті жатыр.
5. Жақсылықты білмеушілік (рахметі жоқ адам) Адам өзін шектен тыс жақсы көре бастаса, өзгелер тарапынан жасалған жақсылықты «өзіне деген құмет» деп танымайды, керісінше, «міндет» деп біледі. Оның ойынша, барлық адам өзіне жақсылық жсауға, алдында құрдай жорғалауға және құрметтеуге міндетті. Ол басқаның ақысы желініп, құқығы тапталғанына пысқырып та қарамайды. Біреудің қайғы-мұңын сезінбейді. Оның бар ынта-ықыласы өз нәпсі қалауларын қанағаттандыруға жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда, оған бәрібір. Өзінікі түгел болса болғаны. Осы себепті мұндай тип адам жақсылыққа – жақсылықпен жауап беру немесе рахмет айту дегенді білмейді. Ол – нәпсісі ауруға шалдыққан адам. Емделуі қажет. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||
|
Всего комментариев: 0 | |