20:31
Риясыз рух

НӘПСІ

Нәпсіге ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да, оның жолдасы шайтан болады.

(Қожа Ахмет Йассауи)

Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!

(Әлихан Бөкейханов)

Адам табиғатына – көптеген сезімдік құбылыстар тән. Бұл құбылыстар адам бойында жағымды және жағымсыз бейнеде көрініс табады. Жағымды жақтарын жүрек пен ар-ұждан тазалығына және кәміл иман құндылығына телісек, жағымсыз қырларын нәпсі әммара (нәпсінің жамандыққа бұйырушы қырынан) деп білеміз. Құранды негізге ала отырып ғұламалардың ең көп тоқталған мәселелерінің бірі де осы нәпсі мәселесі. Кәміл адамдыққа бет түзеуде, рухани кемелденуге апаратын жолдарға, адамның өзін шындауына нәпсіні кедергі деп білгендіктен, оны жан-жақты танып, тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген.

Нәпсі әммара (жамандыққа бұйырушы нәпсі) – Құран аяттарына адамды азғындыққа итермелейтін, тәнқұмарлығына әуес қылып, адамның ақылын сезіміне билететін, жаманды жақсы, жақсыны жаман етіп көрсететін, адам мінезін көркемдіктен алшақ қылатын барлық жамандықтың бастауы ретінде анық әрі нақты баяндалады:

«Сонымен қатар, мен өзімді әсте ақтамаймын. Өйткені қу нәпсі әрдайым жамандықты бұйырады...» («Юсуф» сүресі, 53-аят)

Тілдік тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл жерде айтылып тұрған «нәпсі әммара» сөзі «мубалаға», яғни күшейтпелі мағынада келген. Ғалымдардың айтуынша, «әммара» сөзінің күшейтпелі мағынада келуі оның адамды жамандыққа бұйыруда үлкен күшке ие екенін, сондай-ақ адамды қандай да бір жамандыққа бұйырған кезде, оны орындатқанша тыным таппай, өз дегенінде қырсығып тұрып алатындығын көрсетедің. Күшейтпелі мағына – көптік пен үнемі жалғасын табуды білдіреді.

Құран сондай-ақ жамандықтың бастауы ретінде осы уақытқа дейін психологтардың назарға алмаған тылсым бір жаратылыс жайында сөз етеді. Ол – шайтан. Ислам дінінде нәпсі (нәпсі әммара) мен шайтан (екі бөлек жаратылыс болса да) адамды жамандыққа шақыруда егіз ұғым ретінде қолданылады. Нәпсі әммара – жамандыққа бұйырушы болса, шайтан – адамның көкірегіне уәсуәс салып азғырушы. Бұл дегеніміз шайтанның атқаратын функциясы – адамға күнәнің қандай түрін болса да жасатуға тырысу. Орындата алмаған жағдайда басқа бір күнәға итермелеу. Бұл өз кезегінде тұрақсыздықты білдіреді. Яғни шайтан нәпсі секілді адамға бір күнәні жасатуда табандылық таныта алмайды, сол себепті бірін орындата алмаса келесі бір күнәні орындатуға тырысады. Нәпсі болса үнемі бір күнәні жасатуға күші жетеді. Себебі нәпсі адамға сырттан емес, іштен, яғни адамның өз бойынан әсер ете алады.

Ислам ойшылдарында «нәпсі» сөзі көбіне «жан» деген мағынаны білдіреді. Солардың ішінде мәселен Ибн Хазм нәпсі жайында:

«Денеге (тәнге) орныққаннан кейін нәпсі (жан) дене тарапынан зиян шекті. Нәпсінің денеге орнығып, денемен шұғылдануы оған өзінің асыл міндеттерін орындауда белгілі бір кедергі тудырды», - дейді. 

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 107 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: