20:32 Риясыз рух | |||
ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ (СӘКИНА һәм ТҰМАНИНА) Жүрек тыныштығы – бақыттың қайнар бастауы. Адамға жүрек тыныштығын дүние-мүлік, атақ-абырой, күш-қуат, тіпті денсаулық пен білім де бере алмайды. Жүрек тыныштығының бір ғана бастауы бар: ол – иман. Қалған нәрсенің бәрі иманның айналасына шоғырланып, иман аясында қызмет қылуы тиіс. Міне, сол кезде жүрек шынайы тыныштыққа бөленеді. Иманның негіздері – Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға және тағдырға жүрекпен сену. Бұл шариғатта сенім жүйесі деп аталады. Ислам дінінің аталмыш иман мәселесін алдыңғы қатарға шығаруының да хикметі осында. Бұлар орныққан уақытта – адам жүрегінде тыныштық дәнегі бүр жарады. Иман – жүректің мақсаты. Жүрек өзінің негізгі мақсатын тапқан уақытта, шынайы тыныштыққа қауышады. Өмір сүру мәнін де табады. Нәтижесінде, адам өмірі мәнге қауышады. Жүрек басқа ағза мүшелерінің патшасы болғаны себепті, олар да жүректің мақсатына сай харекет қылады. Ислам діні сол себепті ең әуелі адамдағы иман мәселесін реттейді. Иманнан кейін жүретін намаз, ораза, зекет, қажылық секілді құлшылықтар, иман нұрын қуаттандырып, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу арқылы жүрек тыныштығын сақтауға ат салысады. Иман – жүрек тыныштығының бастауы екендігіне өмір шындығы да куә. Мәселен, иманнан нәсібін ала алмаған қаншама адам – бай бола тұра бақытсыз. Қаншама адам – дені сау, бірақ сонда да бақытсыз. Қаншама адам мансабы жоғары бола тұра бақытсыз. Қаншама адам – ғылым докторы болса да, бақытқа қол жеткізе алмады. Қаншама адам иман нығметіне қауыша алмағандығы себепті өмірден мән таба алмай қиналуда?! Жүрек тыныштығы – адамға Алла тарапынан берілетін үлкен сый. Жүрек тыныштығына қауышқан адам – қорқыныш, қобалжу, уайым, қайғы, жалғыздық т.с.с. дерттерді оңай жеңіп, оларды өзі қалаған мөлшерде ғана қолдануды үйренеді. Олардың өз өміріне араласып, жан дүниесі мен санасына мазасыздық әкелуіне жол бермейді. Ақиқат сол: иманның күші мұның бәрін оп-оңай реттеп отырады.
Жүрек тыныштығына жетелейтін себептер
жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |