22:09
Риясыз рух

ЖҮРЕКТІҢ ӘСЕРЛЕНУ СЕБЕПТЕРІ

Жүрек – бірнеше есігі бар ғимарат, жан-жақтан оқ бораған нысана, әр тараптан су құйылып жатқан хауыз секілді. Жүрекке ізгілік тұрақтағаны секілді, күнә мен жамандық та жол табады.

Жақсылық пен жамандықтың жүрекке жол табуы ішкі (батини) және сыртқы (заһири) себептерде жатыр. Жүректің сырттан әсерленуі: көз, құлақ, тіл, аяқ, қол, т.с.с. ағза мүшелері себепті болса, іштен әсерленуі: ой, қиял, қалау, ашу, шаһуат арқылы жүзеге асады. Жүрек осылар арқылы әсерленеді және құбылып тұрады. Егер әсер пайдалы болса, жүрек нұрлана түседі, ал зиянды болса, қараяды.

Адам бұған ерекше көңіл бөлуі тиіс. Ойды таза ұстап, ашуға берілмей, қалау, қиял және шаһуат күштерін пайдалы істерге қолданғаны жөн. Сондай-ақ ағза мүшелерін күнә мен жамандықтан тыюы қажет. Бұлардың барлығы жүрекке тікелей әсер етеді. Иама Шәфиғи: «Алла тағала жүрегіне нұр беруін қалаған адам бос сөзді қойсын», - дейді. Бұл жүрекке қатысты сыртқы әсерден сақтандыру. Сондай-ақ ғалымдар «Адам ойына да мұқият болуы тиіс. Өйткені жамандық пен жақсылық амалдарының бәрі ең әуелі ойдан басталады» деген. Құранда да: «Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі (жаман) ойларға беріле беруден аулақ болыңдар)! Өйткені ой атаулының бір парасы (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады» («Хужурат» сүресі, 12-аят) делінеді. Бұдан ұғатынымз: адам жүректің рухани әлеміне зиян беретін сыртқы (заһири) және ішкі (батини) әсерлердің барлығын мұқият қадағалап отыруы қажет. Әсер етуші әр нәрсені ақылмен саралап, ой елегінен өткізіп барып амалға асырғаны дұрыс. Ойына да абай болғаны жөн.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 100 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: