21:28
Риясыз рух

ЖҮРЕКТІҢ КӨЛІГІ мен АЗЫҒЫ

Жүрек – ақиқатқа бастайтын жолға әу баста қойылған. Әрдайым Ұлы Құдіретті іздеп тұрады. Оның ақиқат сапарында мінетін көлігі мен қоректенетін азығы бар. Жүректің көлігі – дене мүшелері. Азығы – білім. Адам білім алған сайын – рухани тереңдей береді. Құрандағы ең алғашқы пәрменнің «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!» («Алақ» сүресі, 1-аят) деп келуі де тегін емес. құрандағы алғашқы аяттан-ақ рухани азықтың маңыздылығын аңғаруға болады.

Тәнге қорек бармаса бостық пайда болады. Руханияттағы бостық – әртүрлі рухани дерттерге есік ашып, адамды өзіне және болашағына сенімсіздікпен қарауға душар етеді. Бүгінгі таңда көптеген ғалымдар кітап оқып, үздіксіз білім алып, өзін жетілдіріп отырмаған адамның ойлау деңгейі төмендейтіндігін, нәтижесінде мидағы кейбір нейрондардың істен шығатындығын айтады. Бұл бізге білім арқылы руханиятымызды жетілдіріп отырудың маңыздылығын көрсетеді.

Жүрекке білім арқылы келген рухани азықтан пайдалануға мүмкіндік беретін нәрсе – ізгі амалдар. Сол себепті шариғатта ізгі амалдар – иманның жемісі ретінде қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, ізгі амалдар – рухани әлемнің практикалық қыры. Ал күнәлі істер – нәпсі қалауларының практикалық қыры болып табылады.

Жүрек ақиқат сапарында өзіне көлік болған денені күнәдан сақтап, жаманшылықтан қорғауға барын салады. Ол үшін адам баласы жүрекке жәрдем етіп, тәнді адал жолмен азықтандыруға міндетті. Өйткені хараммен күш алған тән нәпсінің арбауына оңай түседі. Қанға араласқан арам ас жүректің сезімталдығын төмендетіп жібереді. Шариғаттың адал асқа ерекше мән беруінің бір хикметі осында жатыр. Арам нәрсе арақ секілді шариғат тыйым салған дүниелерден болса, тіпті қауіпті. Бұл – адамның ақылына әсер етіп, оны санаы ойлаудан тосады, күнәһар етіп, жүрегін қарайтады. Осылайша жүрек әбден әлсіреп, ақыр аяғы – нәпсінің қалауларына, күнә мен жамандыққа қарсы күресе алмайтын күйге түседі. Бұдан да сорақысы – өлі жүрекке айналуы мүмкін.

Сондықтан жүрекке баратын тән азығы мен рухани азықтың адал әрі пайдалы болғанын мұқият қадағалау қажет. Пайғамбардың Алладан әрдайым пайдалы білім мен адал ризық несібе сұрауы тегін емес.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 115 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: