12:58 Риясыз рух | |||
РУХ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК Ішкі әлемін таппаған адам сыртқы әлемін сәтсіз құрады. Адам тәнінің тіршілік көзі – рух. Дін мен философияда рух – адам өмірінің өзегі. Адам бойындағы барлық құндылықтарды ұстап тұрушы ішкі қазық. Бұл қазық құлайтын болса, адам өмір қиындықтарына төтеп бере алмайды. Рух – адамның қарым-қатынасын, мінезін, ерік-жігерін, ар-ұятын, іс-әрекетін, ұмтылысын, мақсатын қалыптастырып жолға қоятын негізгі күш. Адамдағы өмірге деген құлшыныс, арман-қиял, әртүрлі таланттық қасиеттер эмоция мен интеллектіден емес, іштегі рухани күштен бастау алады. Философтардың ішінде Пифагор, Сократ, платон және Аристотель рухты материалдық денеден бөлек жауһар (субстанция) деп қарастырған. Пифагордың тұжырымы бойынша, рух – әлемдік рухтың бір бөлігі. Пифагор мектебін жалғастырушылар рухты ақылмен түсінуге болатын материалдық дене емес, абстрактілі болмыс ретінде түсіндірген. Сократтың көзқарасында рух – әртүрлі материалдық танымнан ұзақ мағынауи жаратылыс. Ол рухты Құдаймен байланыстырады. Рух арқылы Құдайдың баына көзіміз анық жетеді дейді. Құдай көзімізге көрінбей-ақ, әлемді қалай басқарса, рух та көзімізге көрінбей денені басқарып тұрушы. Дене қирап жоқ болса да, рух тіршілігін жалғастырады деген. Платонның көзқарасында рух – денеден бұрын бар болғаны секілді, денеден кейін де тіршілік ететін жауһар. Рух – ақылға үстемдік ететін жалғыз жаратылыс. Платон рухтың үш түрлі қуат күшінің барын айтқан. Олар: ақыл, қалау және иландырғыш құралдары. Аристотель болса рухтың жауһар екендігімен қоса, материалдық денедегі (әлемдегі) іргетас екендігін айтқан. Оның айтуынша, тіршіліктегі құбылыстардың барлығы рухтың айналасында орын алады. Себебі тіршілікті материалдық табиғаттан ажыратып тұрған – рух. Аристотель рухты үш түрге бөледі. Олар: өсімдік рухы, хайуани рух және инсани (адами) рух. Өсімдік рухы – рухтың ең төменгі деңгейі. Оның қасиеті хайуан мен адамда бар. Ол тек азықтанады, өседі және нәсілді жалғастырады. Хайуани рух – өсімдік рухының қасиеттерімен қоса, анықтау және харекет ету қабілетіне ие. Инсани (адами) рух – адамға ғана тән рух. Оның басты ерекшелігі – ақыл. Өсімдік рухы мен хайуани рух – инсани рухтың ортаға шығуы үшін қызмет атқаратын құралдар. Инсани (адами) рухты қалған екі рухтан ерекшелеп тұратын қасиет – оның барлық іс-әрекеті ақыл шеңберінде және белгілі бір мақсатқа жұмыс жасайды. Хайуани рух денеге тәуелді және дене арқылы көрініс тауып, денемен бірге жоқ болады. Ал инсани рух болса, өзіндегі ең басты ерекшелік – ақыл себепті, денеге тәуелді емес. хайуани рух – іштегі түйсікке (инстинкт) тәуелді. Ал инсани рух түйсікке (инстинкт) тәуелді емес, керісінше, ондағы қалау күші басым. Кванттық физика тұрғысынан алсақ, «Рух, Жан немесе Мен» - рух жайын түсіндіру үшін қай сөзді қолдансақ та – бұл адамның ақиқаты. Қалған нәрсенің бәрі – құрал. Мәселен, тұлғалық, тән, эго – рухтың уақытша құралдары. Адам мұның бәрінен айырылған күнде де – рух бар болады. Рух немесе мен – адам өміріндегі құбылыстардың басты себебі. Адам тап болатын жағдайдың бәрі – «Мен» арқылы ортаға шығады. Ой мен қалаудың бәрі- «Мен» арқылы келеді. Кванттық физика бойынша, барлық материалдық объектілер бес сезім мүшесімен жеке-жеке қаралады. Ал шындап келгенде, оның барлығы біртұтас алып бір мұхиттың энергиясы. Рух та – бөлінбейтін біртұтас нәрсе. Рух – адаммен ақыл, сезім және интуиция арқылы байланысқа түседі. Сондықтан адам саналы ойлап, интуициясы мен сезімдерін тыңдап үйренуі қажет. Бұл оған жылдам дамуды, қиындықты азайтуды және ауытқуға ұшырамауды қамтамасыз етеді. Психология мен психоанализ өкілдерінің бірі Эрих Фромм рухтың тереңдігіне қатысты: «Біз өзімізді білеміз, бірақ сөйте тұра қанша тырыссақ та біле алмаймыз. Сол секілді өзгелерді де білеміз, бірақ сөйте тұра оларды да біле алмаймыз. Өйткені «Мен» ол зат емес. алайда біз адамның рухани әлеміне үңілуден жалығар емеспіз. Адамның ең құпия ядросы; тұлғалық та осы жерде», - дейді. Психология саласының тағы бір өкілі Франклдың пікірінше, рух – белгілі бір деңгейде адам тәні мен психофизикасына тәуелді. Бірақ дене рухқа тұтастай ықпал етпейді. Белгілі бір шартқа матап, аяғын тұсап қана тұрады. Адамды рухани тұлға етіп көрсетпейтін механизмдер рухтың ішінде емес, психофизикалық сферада тұр. (жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |