22:47 Ойлау және сөйлеу | ||||||||||||||||||||||||
СІЗ БІЛУ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР Қандай жұмысты болсын өз деңгейіне жеткізіп, сәтті алып шығуы үшін адамға кәсібилік қажет. Ол – жылдар бойы тәжірибемен келетін күрделі іс. Дегенмен қайталау, практикалық білім, әркез шындалу, заман талабына сай өзіңді дамыту – өте маңызды факторлар болып есептеледі. Сәтті жоба жасау үшін де талай сәтсіз жұмыстарды атқару қажет болады. Демек, ораторлық өнерді меңгеріп, көпшілік алдында еш қысылмай, сенімділікпен сөз бастауға да үнемі дайындық қажет-ақ. «Қайталау – білім анасы» деген. Олай болса, төмендегі кеңестерді өмірлік әдетіңізге айналдырсаңыз, көпшілік алдында сөйлеу өнеріне машықтанған адам қатарына қосыласыз.
1-кеңес: Жаңылтпаштарды жаттау Бұл тәсіл, ең біріншіден, есте сақтау қабілетіңізді жақсарта түседі. Сондай-ақ жылдам ойлауды да қалыптастырады. Айтылуы қиын әріптерді қиналмай айту үшін тіліңіз жаттығады. Тура мақал-мәтел сияқты күнделікті 2-3 жаңылтпаш айтып жүрсеңіз, сөздерді қатесіз әрі жылдам айтуға машықтанасыз.
Аңыз-әңгімелерді оқып тұру Кейбір шаршы топта сөз бастағанда, құрғақ сөзден бұрын, халық даналығы, аңыз-әңгімелер, қанатты сөздер өтімдірек болатыны белгілі. Егер айтып жатқан әңгімеңіз одан сайын қызық әрі пайдалы болып, жұрт жадында ұзақ сақталсын десеңіз, аңыз-әңгімелер ешқашан артық болмайды. Сондықтан тарихтан сыр шертетін, пайдасы мен тәлімі зор ғибратты оқиғаларды оқи жүріңіз. Бұл әдеттерді мына кесте арқылы жүзеге асырып үйрену қажет:
(жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |