20:31 Ойлау және сөйлеу | |
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ мен ӘУЕЗДІЛІГІ Тілдің тазалығы тек қана оның өзге тілмен шұбарланып немесе шала, «паразит» сөздерді қолданбауымен өлшенбейді. Ол – тілдік нормалардың сақталып, әрбір әріптің нақты әрі дұрыс айтылуына негізделеді. Тіл – өзара адамдардың қарым-қатынасын, жалпы ішкі пікірі мен ойын бір-бірімен алмасу үшін, адамзаттың барлық игіліктерін түсінісуге жәрдем жасаушы құрал. Адам өмірінде атқаратын қызметі зор. Сондықтан әр ұлттың өз тіліне құрметі бар. Біз де барынша тіліміздің дұрыс әрі тазалығына мән беруіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының тіліміздің құдіреті, мүмкіндіктері мен тазалығы, дұрыстығы, әуезділігі жайлы жазып кеткен, өте құнды «Әдебиет танытқыш» деген еңбегі бар. Оны оқыған қазақ баласы тіліміздің соншалықты шұрайлы әрі ғажап екеніне көз жеткізеді. Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі – сұлулығымен брй балқытып, тамыр шымырлататын, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет берер ғажайып кемел тіл», - деп қазақ тілінің коммуникативтік, эстетикалық-этикалық, прагматиалық қызметіне аса жоғары баға берген еді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |