09:28 Ойлау және сөйлеу | |
ДҰРЫС ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Әдетте сөйлеу сәтінде біз демді мүлде бақылауда ұстамаймыз, дегенмен оның да өзіндік тәртібі бар. Дұрыс тыныс алу – сіздегі сөздің де анық әрі дұрыс жеткізілуіне себеп болады. Ол үшін арнайы жаттығуларды жасап тұруды ұмытпаңыздар. Жаттығулар түрі көп. Оны әдетте жаттығу залы, спорт саласының мамандары нақты мысал ретінде жақсы түсіндіреді. Демек, сөз арасында ентікпей, ал спорт саласында шаршамай жаттығу үшін төмендіге жаттығуларды қарастырып көрейік. Бұл тек спорт емес, демді бақылау арқылы сөйлеу кезінде де сізге көп көмегі тиетін жаттығулар болып саналады.
Күшті талап ететін жаттығу кезіндегі тыныс алу Күшті талап ететін жаттығулар кезіндегі дұрыс тыныстаудың басты ережесі – мұрынмен дем алу, ал салмақ демді шығарған уақытта сығымдалуы тиіс. Мысалы, кеудені жерден көтеріп жаттыққанда, демді тартқан кезде төмен түсеміз де, шығарғанда еденнен көтерілеміз. Тартылып жаттыққанда жоғары көтерілгенде демді шығарып, төмен түскенде – демді ішке аламыз.
Дұрыс тыныстамаудың салдары Ауызбен тыныстауды әдетке айналдыру дененің оттегімен толықтай қанығуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ диафрагма бұлшықетінің және онымен байланысты ұсақ тамырлардың әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде, ол дене мүсініне зиянын тигізіп, «құмсағат» синдромының асқынуына ықпал етеді. Мұндайда астыңғы қабырғалар мен жамбас қысылып, арқаның төменгі бөлігіндегі бүгілісті тарылтады да, құрсақтың орта тұсын ішке қарай қабысуға мәжбүрлейді. Бұл, әсіресе, отырып жұмыс істейтін адамдарда жылдам байқалады. Сондықтан да мұндай адамдарға тыныс алу техникасын жақсарту үшін йогамен айналысу ұсынылады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |