19:03
Ойлау және сөйлеу

ДҰРЫС ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Әдетте сөйлеу сәтінде біз демді мүлде бақылауда ұстамаймыз, дегенмен оның да өзіндік тәртібі бар. Дұрыс тыныс алу – сіздегі сөздің де анық әрі дұрыс жеткізілуіне себеп болады. Ол үшін арнайы жаттығуларды жасап тұруды ұмытпаңыздар. Жаттығулар түрі көп. Оны әдетте жаттығу залы, спорт саласының мамандары нақты мысал ретінде жақсы түсіндіреді. Демек, сөз арасында ентікпей, ал спорт саласында шаршамай жаттығу үшін төмендіге жаттығуларды қарастырып көрейік. Бұл тек спорт емес, демді бақылау арқылы сөйлеу кезінде де сізге көп көмегі тиетін жаттығулар болып саналады.

 

Дұрыс тыныс ала білесіз бе?

Дұрыс тыныстау – мұрын арқылы бірқалыпты, баяу әрі терең тыныстау дегенді білдіреді.

Денеге күш түсіретін жаттығуларды орындау барысында дұрыс тыныстау аса маңызды.

Себебі тек осындай дем алыс қана дененің ішкі бұлшықеттерін жандандырып, омыртқаға тірек бола алады.

Дегенмен дұрыс тыныстаудың техникасы аса қарапайым және интуитивтік болғанына қарамастан, адамдардың көбі жаттығу кезінде үстірт әрі қате тыныстайды.

Бәрінен бұрын дұрыс әрі сау тыныстау дегеніміз мұрын арқылы, диагфрагманың көмегімен дем алу дегенді білдіретінін естен шығармаңыздар.

 

Диафрагмамен тыныстау дегеніміз не?

Кішкентай сәбилердің қалай тыныстайтынын естеріңізге түсіріп көріңіздерші: демді ішке алар кезде олардың іштері баяу жоғары көтеріледі, ал демді шығарғанда төмен түседі, кеуделері мүлде қозғалыссыз күйде қалады деуге болады. Міне, дәл осылай мұрынмен тыныстау «диафрагмалық» деп аталады және адамдар үшін ең пайдалы әрі табиғи болып саналады. Диафрагманы тыныс алу процесі кезінде қолдана білу кеуде жасушасының үстірт дем алысын, ішпен терең әрі толыққанды тыныстаудан ерекшелендіреді.

 

Не себепті ауызбен тыныстау зиянды?

Ауызбен тыныстау оттегін сіңіру пайызына кері ықпал етеді. Осылайша ырғақты толықтай бұзып, жиі-жиі тыныстауға алып келеді. Ауызбен белсенді тыныстаған кезде диафрагма бұлшықеттері мұрынмен тыныстаған кездегідей төмен-жоғары емес, алға және артқа қозғалатындықтан, өкпені қысып, шектеп тастайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 102 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: