22:08
Ойлау және сөйлеу

КАМЕРА АЛДЫНДА СӘТТІ СӨЙЛЕУДІҢ 3 ТӘСІЛІ

Күнделікті өмірде сөйлеу бөлек, көпшілік алдында сөз бастау басқа. Ал камера алдында сөйлеу – тіптен өзіндік қызығы мен қиындықтан тұрады. Өйткені камера алдында сасқалақтау, қорқыныш, айтар сөзді ұмыту сияқты кедергілер жиі кездеседі. Оның бірнеше себебі бар. «Камера үшін жаралған адам» деген сөзді естіген боларсыз? Олар камерада сөйлеуден еш жасқанбайды, керісінше, бұл жұмысты жақсы көреді. Соған орай, камерамен сөйлеудің өзі үлкен мамандық екенін түсінеміз. Бірақ заман талабына сәйкес тек журналист, дикторлар ғана емес, кез келген үйде отырған адам әлеуметтік желіні қолдануға байланысты камерамен дос болуға мәжбүр десек артық емес. бүгінде қай саланың маманы болса да, өз жұмысы мен жеке кәсібін жарнамалау мақсатында камера алдында сөйлеп, таныстыру – қалыпты жағдайға айналды.

Камера қосылғанда абдырап, айтар ойды жоғалтып, қобалжу басталады. Оның себебі неде? Камераның мысы басатын адамдардың комплексі қалыпты ма? Қалай қобалжымай, әдемі сөйлеуге болады? Бұл сұрақтар көп адамды мазалайтыны белгілі.

Ендеше сол мәселені шешудің 3 тәсілін атап өтейік:

  • Камера алдына бірден шыққан кез келген адамның сасқалақтауы заңдылық. Себебі дайындық жоқ. Сұрақ-жауап болса да біраз кідіріп, дұрыс жауап беру мақсатында ойланып қалары сөзсіз. Сол үшін қолыңыздағы ұялы телефонға бірнеше кадр түсіріп, алдын ала өзіңізбен дайындық жүргізу маңызды. Сөйлеген сөзіңізде қандай диалект сөздер кездескенін, паразит сөздерді қолдандыңыз ба, соған мән беру қажет. Яғни бірінші тәсіл сөзіңізді жүйелеу бойынша жұмыс істеңіз. Бұл ойды жоғалтып алмас үшін, тақырыпты тереңінен зерттеп, айтар ойыңызды жүйеге қою қажет. Сол тақырыпқа сәйкес ойды 2-3 бөлікке бөліп алыңыз.
  • Сосын бет-бейне, камерадағы өз жүзіңізден ұялу. Бұл да көп адамға кедергі келтіріп жүрген комплекс. Ол үшін өзіңізге жарасымды образды қалыптастыру қажет. Фотоға жиі түсу, сыртқы имиджбен жұмыс, киім үлгісіне қатысты ізденіс сізге артық етпейді. Көзіңіз камерадағы өзіңізге үйренген соң, оның артықшылықтарын көре білу керек. Киім үйлесімділігі, шаш, бет бояу үлгісі, бәрін де сізге жарасымды әрі ыңғайлы боларлықтай таңдау – сөйлеуіңізге сенімділік сыйлайды. Өзіңізге ұнайтын образды табу арқылы камерадағы сыртқы бейнеңізге күмәніңіз болмай, еркін сөйлеуді меңгересіз. Ал сыртқы келбетке алаңдап тұратын болсаңыз, ойыңыз өзгеріп, сөзіңіз ұмытыла беруі тоқтамайды. Сол үшін кмерада сәтті сөйлеудің бұл тәсілі – сыртқы образбен жұмыс істеу деп аталады.
  • Камерадағы іс-қимыл. Бір адам жүрісінен, қол сермеуінен, жалпы тұрысынан ұялатыны бар. Камерадағы ерсі қылықтар көрермен көзіне бірден ілігеді. Сол үшін сөйлер сөзді жүйелеп, сыртқы болмысты реттеп болсақ, келесі камерадағы харизмаға тоқталайық. Қылық болмаса, ойнақылық, актерлік шеберлік жетіспесе – айтып жатқан ақпарат та көрермен көңіліне қонбайды, жадында сақталмайды. Ал сөзге сәйкес іс-қмылыңыз жарасымды әрі мәтіннің мағынасын ашатын қимыл-әрекеттер болса (бас изеу, қол сермеу, күлімдеу, қаспен ишара білдіру т.б.), ол көрермен үшін жағымды әсер сыйлайды. Бұл тарапта сізге айнамен көбірек жұмыс істеуге тура келеді.

Демек, бірінші – сөзді қалыпқа келтіру, екінші – образбен жұмыс, сыртқы бейне, үшінші – тәсіл қимыл-әрекетті бақылауда ұстау керек. Осы үш тәсілді дамытып, дайындалып, қолдансаңыз, камера алдындағы қобалжу басылып, сіз камерамен дос бола бастайсыз.

Сондай-ақ камера алдындағы жұмыс сіздегі өзіңізді бағалау, ұнату, зерттеу сынды әрекеттерге жауап береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 112 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: