21:27
Ойлау және сөйлеу

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН СӨЗДЕР

Адамның әдебі мен мәдениетін бірден аңғарудың жолы – сөйлеу мәнері. Қолдануға болмайтын сөз тек «диалект», «жаргон», «паразит» сөздер емес, ол әдеп нормасынан аспай сөйлеуді де негізге алу. Адаммен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуда қоюға болмайтын сұрақтар, айтуға болмайтын әңгімелер өрбуі мүмкін. Өйткені ол адамның түсінік деңгейінен хабар береді, кейде адам ойланбай сөйлеген сөзі үшін қатты қателесуі мүмкін. Қолдануға болмайтын сөздер қандай? Ол сөздер не үшін адамға кері әсер береді?

Қарым-қатынас кезінде адамның кей сөздерді қайта-қайта айту әдеті болады. Мағынасын келсе де, келмесе де қолданыста болатын сөздерді талдап, бұл сөздерді көп айтатын адамның мінезін анықтап көрсек қайтеді?

 

Қысқасы... Бұл сөзді айтатын адам үнемі асығыс болады. Мәселені мән-жайымен түсіндірудің орнына шешімін бірден айта салғысы келеді. Ол өзіне жаңалық болып көрінбейтін дүниеге ешқашан да назар аудармайды. Кемшілігі де сол – көп дүниеге көлденең қарайды.

 

Жоқ... Бұл сөзді көп айтатын адамның қандай да бір мәселеден кемшілік іздейтін, өз сөзін ғана дұрыс деп ойлайтын қасиеті бар. Келісіп тұрса да сөзін «жоқ» деп бастайтын адам әңгімелесушінің алдында дөрекілеу, мәдениетсіз болып көрінеді.

 

Ойлашы... Сөзін осылай бастайтындар өзі таңғалып, аса қатты көңіл бөлген дүниесін айтуда тыңдаушының да сондай реакцияда болғанын қалайды. Мұндай адамдарға өзіне қызық болып көрінген дүние өзгеге қызық болып көрінбеуі мүмкін екенін ұққаны жөн.

Сондықтан әр сөзді өз орнымен қолдануды ескеру керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 99 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: