18:43
Ойлау және сөйлеу

СӨЙЛЕУ ПСИХОЛОГИЯСЫ: ҚОРҚЫНЫШТАН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫН?

«Сөйлей білмейтін адам – мансап биігіне көтерілмейді».

Наполеон Бонапарт

Кез келген істі бастамас бұрын адамның жандүниесіне, ішкі қалауына мән берген абзал. Барлық ғылым психологиядан бастау алады. Ақиқатында, сөйлер сөз расында ойдан туындайды. Ал ой тазалығы үшін сіздегі психологияның қалыптасу жүйесіне мән беру керек. Таза ойдан маржандай асыл сөз шығады. Іші жамандық пен жаман ойға толып тұрған адамның айналасына да дұрыс әңгіме айтпайтыны белгілі.

Сөйлеу барысында адамды шектейтін, айтар ойын бұғып қалатын кездер болады. Оны әртүрлі пайымдаймыз... Бірі қорқыныш, енді бірі мінездегі тұйықтық, ортаңа сіңіп кете алмау деген сияқты кедерілер болады.

Қорқыныш. Бұл сөзден бірден адам баласында небір реакция пайда болады. Жануардан, сізге қауіп төндіретін нәрседен, дұрыс емес шешімдерден қорқу бөлек... Сондай-ақ сөйлеуден қорқатын адамдар да бар.

Сөйлеуден, өз ойыңды жеткізуден қорқудың себебі неде?

  • Бала күніңізден ата-ана берген тәрбие, шектеу қойған сәттер;
  • Қазақи менталитет, яғни «ұят болады, жаман болады» деген стереотип;
  • Орынсыз сөйлеп, күлкі боламын ба дегеннен алдын ала сақтану.

Бұл үш себеп те түпкі санаға орналасып, таптаурын түсінікке айналған. Сондықтан адам ынжық, өз қалауын айта алмайтын, қысылып, ұялшақтыққа ұрынатын жағдайларға жиі кездеседі.

Алайда қорқыныштың бізге пайдалы болатын тұстары да жоқ емес, ол ойланып сөйлеу, сақтану шараларына қатысты өзіндік пайдасын да тигізеді. Қорқыныш ол – қорқыныш. Оны қолданудың орнын білсеңіз, сөзіңізге, ойыңызға сақтық таныта аласыз.

Қорқынышты жеңіп, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйренудің бірінші жолы – сенімділікті арттыру. Сенімділікті қалыптастыру бойынша келесі тақырыпта кеңінен талқылайтын боламыз.

Баршамызға белгілі қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты өзіндік ереже, дәстүрі бар. Тәбриеде «баланы жастан» деген қағиданы қатаң ұстанып келеді. Әрине, ардан аттамай, ұятты біліп өскен бала сыйлы әрі абыройлы болады, жақсы тәрбиеге қанық болса өмір сүру бағыты да дұрыс қалыптасады деп санайды. Бірақ өзге ұлтпен салыстырмалы түрде қарасақ, менталитет мәселесінен балада көптеген комплекс пайда болады. Ортаға тез үйреніп кете алму, өз ойын айтайын десе ұялып, көнгіштік, ынжықтық танытып, өзіндегі құқытары мен көзқарастарын дәлелдей алмай, көптің айтқанына келісіп жүріп, өз пікірі жоқ адамға айналып кетеді. Қазақта «есесін жібермеу» деген сөз бар. Бұл жерде тым ашкөздік танытып, өзінің ойын ғана айтып, мойындата беру емес, тек «ақысы үшін жауап алу», «өз ақысы мен хақысын білу» деген мағынада қолданылады. Алла адамға барлық мінезді нәсіп етті, Жаратушы бізге әртүрлі күйде, көңіл-күй мен ішкі сезімдерді сыртқа сезіндіріп, білдіру үшін мінез берді. оны да өз мөлшерінде қолдануды білсек, адаспаймыз. Тек қайбір мінез бен сезімді болсын шектен асырмауды ұмытпау керек.

Қорқыныш неден туындайды?

Оның ең бірінші туындау себебі – сенімсіздік. Біліміне, тәжірибесі мен өзіндегі ерекшеліктерді тани алмаудан болады. Екіншіден, адамда өзіне ғана белгілі комплекстері болуы мүмкін, оны көпшілік көрмесе де, өзі іштей біліп тұрған соң, ол комплекс аймағынан шыға алмай, қиналу сәтінде қорқыныш болады. Үшіншіден, көптің алдына жиі шықпағандықтан дайындықсыз, ойды жинақтай алмай, сөзім жүйесіз бола ма деген қорқыныш. Негізі аталған қорқыныш себептері еш кедергі емес, әр істе тәжірибе керек, дайындық талап етіледі. Еңбек арқылы барлық нәтижені көрсетсе болады. Демек, сахнаға шығу, көптің алдында қорқынышсыз сөйлеу, ойды жеткізе білу тәжірибемен біртіндеп адам бойына даиды. Мәселен, бұрын-соңды сіз істеп көрмеген сала болса да, оны үйреніп, меңгеруге болады. Торт пісіру, тігін тігу, көлік жүргізу – мұның барлығын адам біліп туған жоқ қой. Тура солай кез келген іске көңіл қойып, қолына алар болса, бәрін де үйренеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 147 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: