23:10
Құндылық қадамы

ЭМПАТИЯ

Қысқа мерзімді іс-шара

#4

Атауы: 1-21

Уақыты: 10-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрайды да, бір-біріне арқаларымен қарап тұрады. Ойынның шарты 1-21-ге дейін санап бітіру керек. Әркім өзі біледі кім бастайды, кім жалғастырады, егер бірнеше адам бір санды бірге айтып қалса, ойынды қайтадан бастау керек. Бес-алты рет тырысқан соң нәтижеге жетпесе, шеңбер құраған оқушылар бұрылып бір-біріне алдымен қарауды ұсынады. Сондай-ақ оларға ақылдасып, келісіп 1-21-ге дейін санауға рұқсат беріледі. Сол кезде ойын тез аяқталу керек.

Қорытынды: Оқушылар ақылдаса шешеілген іс мәресіне тез жететінін түсінеді. Адамдардың өзара қарым-қатынас құруда алдында тұрған адаммен ақылдасып түсінісуге болатынын үйренеді.

 

#5

Атауы: «Образға кір»

Уақыты: 10-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім оқушыларға бір мамандық айтады. Олар сол мамандықтың образына кіріп, сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Полиция / дәрігер / мұғалім дегенде оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек: Сіз қандай пайдалы іс жасайсыз? Полиция / дәрігер / мұғалім болу қиын ба? Неге қиын? Сізге адамдардан қандай көмек керек?

Қорытынды: Оқушылар басқалардың орнына өзін қойып үйренеді. Оларды түсіне бастайды. Басқаларға көмектесуге тырысады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: