22:25
Құндылық қадамы

ЭМПАТИЯ

Қысқа мерзімді іс-шара

#1

Атауы: «Телепортация»

Уақыты: 10-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Оқушылар мұғалімнің айтқан жеріне ойша барып, сезімдерімен бөліседі.

Мысалы: Антарктида дегенде оқушылар келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Ауа райы қалай? Тоңдың ба? Айналаңда не бар екенін суреттеп бере аласың ба? Жаныңда кімнің болғанын қалайсың? Бұл жерде қалғың келе ме? Саған бір нәрсе қажет пе?

Шөл дегенде: Ауа райы қалай? Ыстық па? Айналаңда не бар екенін суреттеп бере аласың ба? Жаныңда кімнің болғанын қалайсың? Бұл жерде қалғың келе ме? Саған бір нәрсе қажет пе?

Қорытынды: Оқушыларды басқа жерлерді, жағдайларды елестете алуға, ойлау арқылы әртүрлі сезімдерге ене алуға үйретеді.

 

#2

Атауы: «Не сезінді екен?»

Уақыты: 15-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім әртүрлі жағдайлардың суретін көрсетеді. Оқушылар ол адамдардың сезімдерін суреттейді.

Қорытынды: Оқушылар басқа адамдардың орнына өздерін қойып үйренеді. Оларды түсіне бастайды. Оларға көмектесуге тырысады.

 

#3

Атауы: Көз бен құлақтың қадірі

Уақыты: 15-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: 1. Оқушылар көздерін байлап сурет салады. Сурет салып болған соң, өз сезімдерімен бөліседі.

2. Мұғалім музыканы қатты қойып, оқушыларға әңгіме оқып береді. Оқушылардан не түсінгенін сұрайды. Оқушылар жақсы естімегеннен не сезінгенімен бөліседі.

Қорытынды: Оқушылар көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдардың орнына өздерін қойып, олардың хал-жағдайын түсінеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: