22:31
Құндылық қадамы

ЭМПАТИЯ

Әлемді эмпатия жаулап алса, қалай болар еді?

Танымал философ Роман Кржнарик: «ХХ ғасырда «біз кімбіз, қалай өмір сүруіміз керек?» секілді сұрақтардың жауабы, айналамызды ұмытып, өзімізді зерттеп, танумен ғана табылады деген түсінік болатын. Ол кезең өтті, ХХІ ғасыр – эмпатия дәуірі болу керек», - деген пікір айтады. Жасыратыны жоқ, «Өмір – күрес алаңы, ең мықтылар ғана тірі қалуы керек» деген ұран талай соғыстың отын тұтатты. Ал жаңа ғасырдың ұраны «Өмір – түсінісу, бөлісу» болмақ. Аталған философтың: «Өзім деген өзімшілдіктің айналасында қалып қоймай, өзгелер туралы да ойланатын кез келді. Жанашырлықтың жаңа революциясы жасау керек. Бұл бұрынғыдай мемлекет ішіндегі саяси төңкеріс емес, әлемдегі адамдар қарым-қатынасының революциясы болу керек», - деген батыл сөздері, эмпатияның адамзат өміріндегі маңызын айғақтай түседі.

* * *

...Эмпатия және бақыт ұғымдары өзара байланысты. Бақытты адамдарда альтруистік көзқарас, эмпатия басымырақ екен. Бала психологиясын зерттеуші мамандар аз жазаға ілігетін бала, көп жазаланатын балаға қарағанда, көбірек жомарттық жасап, мейірім көрсететінін байқаған. Фарльз Ларвин де зерттеу жұмыстарының нәтижесінде: «дер кезінде шығарылмаған» эмпатия ауруға шалдықтыратынын анықтаған.

- Канада мемлекетінде балалардың эмпатиясын дамытуға арналған арнайы «Эмпатия негіздері» бағдарламасы құрылған екен. Осы бағдарлама аясында әлемде миллиондаған оқушылардың эмпатиясын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Зерттеуші мамандар балалар арасындағы кикілжіңдердің айтарлықтай азайып, ойын алаңында ойнау қауіпсіз бола бастағанын байқаған.

Өзін ғана ойлаған –

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі.

Шағырай шешен

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: