23:40 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Әңгіме #5 Мен тәртіпсіз емеспін... Баяғыда Айдар атты әдепсіз бала болыпты. Оның кез келген адамды итеріп жіберіп, одан кешірім де сұрамайтын, таныс адамдармен амандаспайтын әдеттері бар еді. Анасы оған түрлі жақсы әдеттерді үйретуге тырысқанымен, одан ештеңе шықпайды. Бір күні Айдар ерекше қалпағы бар бір адамды кездестірді. Айдарға оның қалпағы сиқырлы сияқты көрінді. - Сәлем, Айдаржан! Балықтардың орманды отап тастағанын байқадың ба? – деп сұрады бейтаныс адам. - Сәлеметсіз бе! – деп Айдар кенет сыпайы жауап берді. – ал сіз кімсіз? - Мен әдепсіздердің қожайынымын. Ал мынау менің сиқырлы қалпағым. Осы қалпақ арқылы мен түрлі аңғажайыптарды жасай аламын. Айдар, жүр менімен. Адамдарға айқалаймыз, шалшықтарды кешеміз, мазақтаймыз. Адамдарға ондай тәртіпсіздік ұнамайды, ал бізге қызық болады. - Маған тәртіпсіз болған ұнамайды, - деді кенеттен Айдар қожайынға. - Қалай?! – деп таңданды қожайын. - Мен сенің театрда шулағаныңды, мектеп дәлізінде аунап жатқаныңды, сабақта айқайлап сөйлескеніңді, итергеніңді көрдім ғой. Сен біздің Әдепсіздік Патшалығынансың! Қожайын өзінің сиқырлы қалпағын жоғары көтере бергенде, (Айдарды өз Патшалығына әкетуге дайындалып тұрғанда), кенет біреу Айдарды өзіне қарай сүйрей жөнелді. Бұл сыныптасы Ғаылмкүл еді. - Сен неге дайындыққа келмедің? – деп сұрады. Басқа кезде болса Айдар Ғалымкүлге бір-екі өрекі сөзін айтар еді, ал қазір ол сыпайы ғана: - Сәлем, Ғалымкүл! Маған бір бейтаныс адам кедергі жасады, жүр дайындыққа бірге барайық, - деді. Ғалымкүлдің таңқалғанынан көзі жайнап кетті. Айдар екеуі бірге мектепке қарай жүгіре жөнелді. ...Айдар неге сыпайы бола қалды? Бұның себебі бар еді. Ол үлкен әдепсіз адамды көргенде, ондай болғысы келмейтінін түсінді. Оның әкесіне немесе шетелге барып келген Асқар ағасына ұқсағысы келетін. Содан бері Айдар мүлдем өзгерді. Ол «Қайырлы күн!» деп айтқанда, оған күн күлімдеп қарап тұрғандай көрінді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
