20:45 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Әңгіме #3 Әдеп Бір елдің әкімі екінші бір байға жолығып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, бас иіп сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас иіп сәлем алды. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, мына бір мұжыққа неге сонша бас иесіз? – деп айтты дейді. Сонда әкім:
#4 Ғажайып сөз Мансұр ауылға келгеннен бері қызықты жағдайды байқады. Бұл жақтағы адамдар күнде бір-бірімен қол алысып амандасады екен. Бүгін де атасымен сыртқа шыққанда алаңда ойнап жүрген кішкентай бала жүгіріп келіп: - Ассалаумағалейкум! – деп атасына, содан кейін Мансұрға қолын созды. Алайда Мансұр абыржып, баланың сәлемін алмай, үнсіз тұрып қалды. Немересінің қысылғанын көрген атасы: - Уағайлейкум ассалам! Таудай бол! – деп кішкентай баланы шығарып салды. Мансұр сәлемді алмағаны үшін атасынан ұялып: - Түу... Ата, мені құтқардыңыз, сөз таба алмай қалдым ғой! Ауылда сонда күн сайын амандасу керек пе? – деді. Атасы: - Иә, балам, сәлем беру – жүректерді жібітетін дәстүр. Сәлем алу да сәлем беру сияқты маңызды іс. Сондықтан «Уағалейкум ассалам» деп сәлем алуды ұмытпа, - деді. Дәл сол кезде тағы бір бүлдіршін келіп амандасқанда, мансұр жымиып: - Уағалейкум салам, - деп қолын созды. Сәлем беріп жатқан баланың жүзі Мансұрға ерекше жылы болып көрінді. Сол сәтте оған «Нағыз досым осындай болар» деген ой келді. Осылай Мансұр атасынан адамдардың арасында жақсы қарым-қатынасты орнататын ғажайып сөзді үйренді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
