22:41 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Әңгіме #1 Жолдағы кедергі Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден бақылап отырыпты. «Көрейік, не болады екен?» - деп ойлапты. Елінің бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып, тасты айналып өтіп, еш нәрсе істемей сарайға кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп, дауыстап тұрып патшаны сөге бастайды. «Халықтан қаншама салық жинайды, бірақ жолдарын таза ұстай алмайды», - деп. Осы кезде бір жарлы адам сарайға жеміс, көкніс алып келе жатып жол ортасындағы тасты көргенде арқасындағы жүгін жерге қойып, тасты екі қолымен итере бастайды. Қиналып, қара терге түседі. Ақыры тасты жолдың шетіне ығыстырып қояды. Жүгін қайтадан асынып жатқанда тастың орнынан бір қапты көреді. Қапты алып, ішін ашады. Қалташық алтынға толы болады. Ішінен патшаның жазған хатын көреді. «Бұл алтын – тасты жолдан алған адамға берген сыйлығым. Патша.» Осылайша адамгершілік қасиеті мен әдептілігінің арқасында өмірінің соңына дейін молшылықта өмір сүріп, өзгелерге үлгі болған екен.
#2 Автобуста Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет оларды көрмеген болып терезеге бұрылды. Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді. Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жоқ. Автобустың оң жақ терезесінің жанындағы орындықта отырған Асқар таяқ ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды. - Отырыңыз, ата, - деді ол үлкен кісіге. - Рақмет, балам. Көп жаса, өркенің өссін, - деп жатыр. - Отырыңыз, әжей, - деп Айман да өз орнын берді. - Ой, рақмет, айналайын, сабағыңды беспен оқы. Автобус ішіндегі жолаушылар Асқар мен Айманға қатты риз болды. - Не деген әдепті бала! – десті олар сүйсініп. Сол кезде Есеттің ұялы телефоны шырылдады. Ол телефонын ала салып, салдырлап досымен сөйлесе жөнелді. - Алло! Кім екен? Рахат. Сенбісің? Сәлем! – деп ол автобусты басына көтерді., - Е, не айтайын дедің? Тезірек айтсаңшы, - деді Есет бар даусымен. – Жай әншейін?! Онда неге қоңырау шаласың? Есет телефонын өшірді. Жолаушылар да жеңілдеп қалды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
