18:22 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА Атауы: Бүгінгі күнім Уақыты: 5 минут Түрі: ой алмасу Орындалуы: Ата-ана және баласы күн сайын бір уақытта жиналады. Арнайы қорапқа әр адам қызықты сұрақтар, жағдаяттар жазады. Шеңбер бойымен сол қораптан қарамай қағаз алып, сұраққа жауап беруі керек. Ойын басында «барлығымыз шыншыл болуымыз керек» деп келісіп алулары қажет. мысал үшін мынадай сұрақтар сұрайды:
Бірінші ата-ана осы үш сұрақтың біреуіне немесе барлығына жауап береді. Содан соң баласынан да сұрақтардың жауабын алады. Осы іс-шараны күн сайын немесе күн ара жасайды. Қорытынды: Іс-шара арқылы ата-ана өзі үлгі бола отырып, әдептілікті үйретеді және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нығая түседі.
ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС Атауы: Біздің шешім жолымыз Уақыты: 1 ай Түрі: жоба Орындалуы: Әр ұжымға (әкімшілікке, мұғалімдерге, шаруашылық қызметкерлеріне, аспаздарға және т.б.) оқушылардың мектепте өздерін ұстау әдебіне қатысты жетіспей жатқан кемшіліктерді анықтап, оның шешім жолдарына жұмыс істейді. Қажет болса әр аптаның бір күнін белгілеп, ұжым мүшелері мектеп әкімшілігіне ұсынатын жобаларын өзара талқылайды. Бір мысал келтірейік, айталық, шаруашылық қызметкерлерінің байқағаны бойынша оқушылардың үлкендерге сәлем бермеуі көп кездеседі. Қызметкерлер бұл мәселені ұжым ішінде талқыға салып, оқушыларға сәлемдесуді дағдыландырудың жолдарын қарастырады. Дәл солай ұжымдағы басқа қызметкерлер өздерінің байқаған басқа кемшін тұстары бойынша шешу жолдарын қарастырады. Кей жағдайда оқушының мұғалім алдында, басқа қызметкерлер алдында өзін әртүрлі ұстауы байқалады. Бұл іс-шара оқушылардың әдептілік қағидаларын барлық жерде бірдей ұстануына бағыттайды. Қорытынды: Мектеп ұжымының барлық мүшелері бір мүдде, бір мақсатта жұмыс жасап жатқандығын ұғады. Олар оқушылардың тәлім-тәрбиесіне деген өздерінің жауапкершілігін сезінеді. Оқушыға үйрету мақсатымен өз бойында да жақсы дағдылар қалыптастыруға тырысады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
