16:59
Құндылық қадамы

ӘДЕПТІЛІК

Ұзақ мерзімді іс-шара

#2

Атауы: «Жігіт сұлтаны»

Уақыты: 1 ай

Түрі: сайыс

Орындалуы: Әр сыныптан бір оқушы «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Гир көтеру», «Жағдаятқа жауап» деген сияқты бөлімдер бойынша сайысқа түседі. Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша сайыс бөлімдерін өзгертуіне болады.

Қорытынды: Сыныптағы ұл балалар арасында ата дәстүрі насихаттау үшін, жеке тұлға ретінде бойында кездесетін нағыз жігітке сай қасиеттердің кездесуін, сегіз қырлы өнерін, шеберлігін, жағдаяттарды шешу логикасын саралай отырып, жақсы істе жарыстыру арқылы өз-өзін өзгертуге, дамытуға ұмтылдыру.

 

#4

Атауы: «Әдептілік – тәрбие бастауы»

Уақыты: 1 күн

Түрі: қабырға газеті

Қажетті материалдар: ақ парақ, түрлі түсті қарындаштар

Орындалуы: Оқушыларға әдептілік сөзінің мағынасын жан-жақты ашу үшін үйге тапсырма беріледі. Оқушыларды топқа бөліп, бір топқа – қонақтағы әдептілікті, екінші топқа – үйдегі әдептілік, үшінші топқа – мектептегі әдептілік, төртінші топқа – қоғамдық орындардағы әдептілік дегеніміз не, сол жайлы сурет салып келуге тапсырма беріледі. Осы тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын жазып, суретін салып келеді. мектепке келген соң өз жұмыстарын қорғайды. Мысалы, әдептілік қоғамдық орындарда тақырыбы бойынша балалар әдепті баланың бейнесін салып, оған сипаттамалар жазуы мүмкін: әдепті бала қоғамдық көліктерде үлкен кісіге орын береді, қоғамдық жерлерде қоқыс шашпайды, дауыс көтеріп сөйлемейді т.с.с. Мұғалім дұрыс жерлерін қолдап, бұрыс жерлерін түзетіп отырады. Сонымен қатар әрбір топтың тақырыбы бойынша өздерінің жеке ойларымен толықтырса болады.

Қорытынды: Әдептілік тақырыбын ашуда балалардың өз жұмыстарын, ойларын пайдалану. Балалардың әдептілік жайлы түсінігін анықтап, сыныптың әдептілік деңгейін зерттеуге болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: