22:45 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Телефонмен сөйлесу әдебі Заманауи адам өмірін телефонсыз елестеті алмайды. Ұялы телефон байланысы кәсіби және жеке саланың ажырамас бөлігіне айналды. Қай уақыт аралығында телефон шалуға болады? Әдептілік ережесі бойынша жеке қоңырауды 08:00-22.00 аралғында шалуға болады. Ал іскерлік қоңыраулар тек жұмыс уақытында 09:00-18:00 аралығында шалынуы керек. Қоңырауды көтергенде адамдардың көпшілігі «Алло» сөзін қолдануды әдетке айналдырған, осы сөзді амандасу сөздерімен алмастырыңыз. Қоңырау келгенде телефоныңызы бірден көтермегеніңіз дұрыс. Ол екі жақтағы адамға да ыңғайсыздық тудырады. Ең қолайлысы үшінші қоңырауда көтерген жөн. Егер адам қоңырауға жауап бермей жатса, қоймастан телефон шалу – өрескелдік. Ереже бойынша 5-6 қоңыраудан артық телефон шалуға болмайды. Телефонмен сөйлесуді телефон шалған адам аяқтауы керек. Сондықтан қоңырау шалып отырған адам олардың сөйлеусуі ұзақ болып кетпеуін қадағалағаны дұрыс. Егер сөйлесу кезінде байланыс үзіліп кетсе, алғашқы қоңырау шалған адам қайтадан қоңырау шалуы тиіс. Бұл ережені білу арқылы бір-біріңізге телефон соғып, байланыстың бос еместігін естіп, уақыт кетірмеген жөн болар. Телефонға шақырған кісіңізбен әңгіме бастамас бұрын ол кісінің ісіне кедергі келтірген жоқсыз ба, сізбен сөйлесуге уақыты бар ма соны анықтап алыңыз. Телефонмен сөйлесу мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Телефонмен бос әңгімелесудің қажеті жоқ. Егер кеңірек отырып сыр бөліскіңіз келсе, көзбе-көз сөйлескеніңіз дұрыс. Егер біреу қателесіп сіздің телефоныңызға хабарласса, дөрекілік көрсетпей, сыпайы ғана «кешіріңіз, сіз нөмерден қателестіңіз» деп айту керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
