23:36
Құндылық қадамы

ӘДЕПТІЛІК

Мәдени және қоғамдық орындардағы әдептілік

Мәдени орындарда (театрда, концерт залында) театр рухани байлықтың көзі болғандықтан театр өмірін тамашалауда әдептілікке аса мән беріледі. Алдымен мәдени орынға кешікпей келу керек. Келушілердің киім үлгісі ортаға сай болуы тиіс. Театрға спорттық киім киіп келуге болмайды. Сырт киім мен бас киімді арнайы киім ілетін жерге тапсыру қажет. Көрермен залында танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, көкрермендерге бөгет жасамау үшін басыңызды изеп, жымиып амандассаңыз жеткілікті. Театр залынан үзіліс кезінде немесе қойылым аяқталғаннан соң ғана шығуға рұқсат беріледі. Қойылым барысында ұялы телефонның дауысын өшіріп, қолданбаған дұрыс. Жаныңыздағы кісімен сөйлесуге тура келсе, мүмкіндігінше бәсең дауыспен сөйлеуге аса мән беру керек.

Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамағаның жөн: дауыс көтеріп сөйлеу, сөйлеушінің сөзін бөлу, аяқ киіміңді тазалау, қоқыс тастау, кезекке қарамау, орынсыз әрекеттер жасау, басқа адамдардың жиіркенуіне себеп болатын қимылдардан (мұрын тазалау, бас қасу, түкіру, құлақ шұқу, аяғын ұстау, қасыну және т.б.) аулақ болу.

 

Қоғамдық көліктердегі әдеп

Көлік аялдамаға келіп тоқтаған соң, ішінен адамдардың түсуін күту қажет. Кірген кезде басқаларды итермей, абайсызда адамдарды қағып кеткен жағдайда кешірім сұрап мәдениеттілік көрсеткен жөн. Жолақысын төлеуді ұмытпау, үлкендерге, балалы аналарға, мүгедек адамдарға орын беру – көлік ішіндегі әдептілік. Алынған билетіңді аяқ астына тастамай, көліктен шыққан соң, арнайы жәшікке салған дұрыс.

Ұшақта, пойызда немесе қала аралық автобустарда барынша жан-жағындағы кісілерді мазаламайтындай әдептілікті ұстанған жөн. Тоқтаусыз сөйлеу, жарықты үздіксіз қолдану, қатты дауыспен музыка тыңдау, өзгелерге ұсынбастан қызықтырып әр нәрсені жей беру басқалардың мазасын алуы мүмкін. Себебі жолаушылардың ішінде әртүрлі жағдайда келе жатқан жандар болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: