09:13 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Әдептің басы сәлем беруден басталады Үлкеннің алдындағы міндеттің ең маңыздысы – оларға сәлем беру. Ортаға кіріп келген кісінің сәлеміне қарай сөзі тыңдалар. Халық арасында сәлемі түзу кісі екен десіп жатады. Бұл сөз оның мәдениетті екеніне, тәрбие көрген әдептілігіне меңзегені. Әу баста, адам сәлем берерде жүзі жайдары, көңілі көтеріңкі, дауыс ырғағы анық болғаны дұрыс. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзіңнен үлкенге сәлем беру, жолын кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін ұмытпаған жөн. Сәлем беріп, хал-жағдай сұрасқаннан кейін ғана бұйымтайын айтқан жөн. Кіре сала, жан-жағына қарамастан өз шаруасын тындырып, не әңгімесін бастап кеткен кісінің ісіне көпшілік наразы болуы әбден мүмкін. Сол себепті, қандай орта болса да, сыныпта, бөлмеде, қонаққа барғанда сәлемнен кейін жан-жағына қарайлап, жағдай сұрасқанның әдептілікте салмағы ауыр. Сондай-ақ, кісімен сөйлескенде бүкіл денеңмен бұрылып қарау, адамның көзіне қарап сөйлеу де сыйластықтың, сыпайылықтың белгісі. Үлкен адамның сөзін аяқтағанша күтіп, сөз соңында алғыс білдіріп, қоштасу сөзін қолданған жарасымды болар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
