22:58
Құндылық қадамы

ӘДІЛДІК

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.

Ыбырай Алтынсарин

АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА

Атауы: Балалардың бәріне тең қарау!

Уақыты: 1 сағат

Түрі: семинар-тренинг

Орындалуы: Кейде ата-аналар кенже балаларына көбірек көңіл бөлу арқылы үлкендерінің ақысын жегенін байқамай да қалады. Осының салдарынан үйдің үлкен балалары қызғаншақ, кекшіл болып өсуіне себепші болып жатады.

Бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында 1-4 сынып ата-аналарына балалардың арасында әділ болудың қыр-сырлары талқыланатын семинар-тренинг ұйымдастырады.

Қорытынды: Ата-ана психологтан бала тәрбиелеудегі маңызды тақырыптардың бірі, әділ болу туралы пікір алады.

 

ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС

Атауы: Ұжымдық күрес

Уақыты: 1 апта

Орындалуы: Ұжымға төмендегі кесте таратылуы керек. Әр ұжым мүшесі кестені толтыруы қажет. Мектептегі болып жатқан кейбір әділетсіздіктерді жою мақсатында барлығы мұқият жазуы тиіс.

Қорытынды: Мәселені анықтау және түзету.

Менің айналамдағы әділетсіздіктер

Мен осы әділетсіздіктерді қалай түзей аламын?

Маған кім немесе не көмектесе алады?

1.

 

 

2.

 

 

3.

 

 

4.

 

 

5.

 

 

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: