09:14 Құндылық қадамы | |
ӘДІЛДІК Қысқа мерзімді іс-шара #5 Атауы: Тұзақ Уақыты: 10 минут Түрі: ойын Орындалуы: Бұл ойында бір баланың ортаға шығуы қажет болады. Оған алдын ала қойылған сұрақтарға өтірік жауап беру қажеттігін түсіндіріп қою керек. Сынып алдына бір орындық қойып, баланы сол жерге отыруға шақырасыз. Содан кейін отырған балаға қарапайым сұрақ қойыңыз, мысалы: «неге сен бүгін үй тапсырмасын жасамадың?» - Ол өтірік жауап берген кезде, мысалы: ит менің үй тапсырмам жазылған дәптерді жеп қойды деген секілді, оның айналасын ұзын жіппен бір рет ораңыз. Содан кейін оның жауаптырына негізделген келесі сұрақ қойыңыз, мысалы: «ит сенің үй тапсырмаңды қалай алды?» - ол қайта өтірікке негізделген жауап айтады, оның айналасын тағы бір рет жіппен қайтадан ораңыз. Иірілген жіптің торында шатасып, оралғанға дейін келесі сұрақтарды қоюды жалғастырыңыз. Сынып жағдайды бақылап отырады. Ойын біткен соң ғана сыныптағыларға өзіңіздің осы оқушыға барлық сұрақтарға өтірік жауап табуды тапсырғаныңызды түсіндіріп айтасыз. Ойынды сыныппен талқылаңыз:
Қорытынды: Шыншыл болуға тәрбиелеу, өтіріктің зардабын түсіндіру. Талқылау арқылы ойды ашық жеткізуге үйрету.
#6 Атауы: «Лимон қабығы» Уақыты: 10-15 минут Қажетті құралдар: лимон немесе өзіңіз қалаған жемісті таңдауға болады Орындалуы: Әр оқушыға лимон беріп, олардың лимондарымен «танысып алуын» сұраңыз. Оларға кез келген сәйкестендіргіш белгілерді, лимонның пішінін, өзіңіз байқаған өзгеше бір белгісін есте сақтауларын өтініп, содан кейін лимондарды алып, себетке салыңыз. Оқушыларға себеттен өздерінің лимондарын табуын өтіңіз. Бұл тапсырма оларға қиындық туғызбауы керек. Келесі лимонның қабығын тазалап, қайтадан себепке салып, енді өз лимондарын табуын өтініңіз. Әрине бұл тапсырма оларға қиынға соғады. Қорытынды: Бұл оқушыларға сырт көзбен қарағанда әртүрлі болғанымызбен, ішкі жағынан бірдей екенімізді үйретеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
